Астана – жастар қаласы

  Нұр-сұлтан – армандарды асқақтатқан, жастар қаласы. Нұр-сұлтан азғана жылдар ішінде ел экономикасының қозғаушы күшіне, рухани қуатқа, халық мақтанышына айналды. Нұр-Сұлтан арқылы өңірлер бой түзеді, республика көлемінде бұрын-соңды болмаған алып құрылыс тоқырай бастаған өндірісті қайта жандандырды, жаңа кәсіпорындар бой көтеріп, ел экономикасына миллиардтаған доллар инвестиция құйылды, мыңдаған жұмыс орны ашылды.  Ежелгі Есілдің жағасында көрікті шаһар қанат жайды, қазақ елі үшінші мыңжылдыққа сай кесек қимылдай алатын, əлемдік өркениетке үлес қосуға қабілетті ел екенін паш етті.
Нұр-Сұлтан – қарыштап дамыған мемлекеттің нышаны, әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеудің айқын дәлелі. Сарыарқа төсінде қоныс тепкен алып шаһарда әлем елдерінің көшбасшылары бас қосып, пікір алмасады, тарихи маңызы зор шешімдерді қабылдайды. Елдің мақтанышы саналатын көкке ұмтылған бірегей, зәулім ғимараттар жүрегімізді тебірентеді, мерейімізді тасытады. Елорданың заманауи келбетіне шетелдік қонақтар таңданыспен қарауда. Нұр-Сұлтан ТМД бойынша ең қолайлы, ғажайып қала ретінде танылды. Бұл біздің ортақ жеңісіміз.

                          Назгүл Оразақын,

ШЖҚ аудандық

ауруханасының провизоры.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password