Алматы облысының Сарыөзек ауылы карантинге жабылды

   Ауданда коронавирус инфекциясының одан әрі таралуының алдын алу мақсатында аудандық штабтың келісімімен Кербұлақ ауданының Сарыөзек кенті карантинге жабылды. Бұл туралы ауданның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Е.Ешкеновтың қаулысы қабылданды.
Қазіргі уақытта карантин режимін қатаң сақтауды қамтамасыз ететін қызметтер жұмылдырылды.
Қаулы талаптарына сәйкес Сарыөзек тұрғындарының үйден шығуына тыйым салынады. Бір отбасыдан тек бір адамның ғана күніне бір рет азық-түлікке, дәріханаға баруына рұқсат етіледі. Карантин режимін бұзған азаматтар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылады.
Ал медициналық ұйымдардың, мемлекеттік, құқық қорғау органдарының және шектеу шараларын жүргізуге тартылған басқа да ұйымдардың қызметкерлерінің жүріп-тұруы жұмыс орнынан анықтама немесе қызметтік куәлігі болған кезде ғана рұқсат етіледі.
Сарыөзек ауылы аумағының периметрі бойынша полиция қызметкерлері (әскери, әскери міндеттілер және басқалар), медицина қызметкерлері қатарынан, байланыссыз термометрия және посттарға келетін адамдарға сауалнама жүргізе отырып, 3 блок бекеттер орнатылды. Олар:
1. Сарыөзек – Талдықорған бағыты;
2. Сарыөзек – Алматы бағыты;
3. Сарыөзек – Жаркент бағыты.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің автокөлікте орнатылған дауыс ұлғайтқыш құралдарымен Сарыөзек ауылы көшелерінде және халық көп шоғырланатын жерлерде хабарландыру, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Қаулыға сәйкес Сарыөзек ауылының жолдардың жүру бөлігіне, тротуарларға және басқа да қоғамдық жиналатын орындарға жаппай дезинфекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде.
Аудан әкімдігі тарапынан азық-түлік және тегін бетперделер таратылып барынша көмек-көрсетілуде. Ал 65 жастан асқан қариялар мен мүгедек жандарға азық-түлікті жеткізіп беру қызметі іске қосылды.
Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында карантин мерзімі 2020 жылдың 18 сәуір күні 00 сағ. 00 мин. бастап 01 мамырға дейін созылады. Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін.

Кербұлақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password