Алматы облысында 11 мыңнан астам түлек ҰБТ-ден өтеді

    Елдегі ТЖ жағдайына байланысты биылғы білім беру саласында бірқатар өзгерістер орын алды. Әсіресе бітіруші түлектер үшін ерекеше ереже мен өзіндік шарттар бекітілген.

Мектептің 9-11 сынып оқушылары аттестат алу үшін сынақ тапсырмайды. Жыл бойғы алған бағаларының негізінде қорытындысы шығатын болады. Аттестатты тапсыру рәсімі 3-4 маусым аралығында өтеді. Облыс бойынша 1177 оқушы «Алтын белгі» иегері, 851 «Үздік аттестат» иесі атанып отыр.

      Ағымдағы жылы 15 256 оқушы алтын ұясымен қоштасты. Олардың ішінде 11589-ы ҰБТ тапсыруға өтініш берген.

Ұлттық бірыңғай текстілеуге өтініш беру 15 сәуір мен 10 мамыр аралығында онлайн форматта өткізілді.

Облыста ҰБТ тапсыруға арналған 16 пунк жұмыс істейді деп күтілуде. Барлық сынақ тапсыру орындары техникалық талаптарға сәйкес жабдықталған.

Ұлттық бірыңғай тестілеу форматы өзгеріссіз қалады. Әдеттегідей қағаз түрінде өткізіледі. Тест 5 пәннен тұрады. Олар: қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, таңдау бойынша 2 негізгі пән.

ҰБТ тапсыру уақыты 3 сағат 50 минутты құрайды.

Тест тапсыру 20 маусымнан 5 шілдеге дейін жалғасады. ҰБТ қатаң санитарлық ережелерге сәйкес өткізіледі деп жоспарлануда.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 «Жоғары білім үшін ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес білім беру гранттары 2017 жылдан бастап беріледі.

2017 жылы — 100, 2018 жылы — 106. 2019 жылы облыстық бюджеттен 250 білім гранты бөлінді, оның 79-ы көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына.

Сондай-ақ көп балалы отбасылардың балаларына 100 және атаулы әлеуметтік көмек алуға республикалық бюджеттен 301 грант бөлінді.ь Биылғы жылы 200 білім грантын бөлу жоспарлануда.

Анар САБЫРОВА

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password