Алматы облысында ҰБТ сынағын тапсыру шарттары белгіленді

     Биылғы оқу жылы аяқталды. Ал, түлектер үшін енді алда көптен күткен кезең аттестат алу салтанаты қалды. Елдегі пандемия жағдайына байланысты дәстүрлі шара биыл өзгеше өткізілмек. Бұл туралы «JETISÝ MEDIA» алаңында Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Сәуле Қабимолдаева баяндап берді.

«3-4 Маусымда түлектерге аттестат салтанатты түрде табысталады. Аталмыш шара аясында соңғы қоңырау соғылады. Бұл әр мектеп аумағында, ашық алаңда санитарлық нормалар сақтала отырып жүзеге асатын болады. Түлектер мектеп формасында, бетперде киіп, арақашықтықты сақтай отырып осы салтанатты өткереді және шара ұзақтығы 20 минуттан аспайды. Ата-аналардан басқа бөгде адамдарға қатысуға рұқсат етілмейді», – деді Сәуле Нұрханқызы.

Сондай-ақ, алдағы тесттілеу сынағында да қауіпсіздік шаралары жіті бақылауда. ҰБТ 20 маусым – 5 шілде аралығында өтеді. Биыл Жетісулық 15 мыңнан астам түлек мектеп бітірсе, соның 11 мыңнан астамы ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтінім берген. Алдағы тест тапсыру тәртібі де күшейтілді. Тестілеуге кіргізу барысында тыйым салынған затпен анықталған түлек сынаққа жіберілмейді, сынақ тапсыру үстінде ұсталған талапкердің нәтижесі жойылып, ағымдағы жылы сынақ тапсыру құқығынан айырылатын болады.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password