Алматы облысынан “Елбасы Медалі” байқауына 888 жас өтініш берген

  Бұл заман білімділер ғасыры. Әуел бастан жастардың жоғары деңгейлі білім алуына көп көңіл бөлінген. Тұңғыш Президент Нұрсылтан Назарбаев 2019 жылы белсенді және талантты жастарды қолдауға бағытталған жалпыұлттық “El Úmiti” бастамасын көтерді.

Жаңа бастама аясында Тұңғыш Президент — Елбасы қоры қазақстандықтар мен мемлекет болашағы үшін бірнеше тың жобаларды іске қосты. Қазірдің өзінде ауыл балалары үшін “Мың бала” пәндік олимпиадасы жүріп жатыр.

Аталған білім бәсекесінің мақсаты: шалғай аудандардағы мектеп жасындағы балалардың қабілетін дамыту және дарынды жасты қолдау.

«Ел үміті» бастамасын жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 77 млн. теңге қаржы бөлінді.

Оның ішінде: «Елбасы медалі» жобасына – 70 млн. теңге, «Мың бала» жобасына – 7 млн.теңге қарастырылған.

«Мың бала» білім сайысына облыс бойынша барлығы 65348 оқушы іріктелген, олардың ішінде 5 сыныпта – 33500, 6 сыныпта – 31848 оқушы.

«Дарын» РҒПО-ғы ұйымдастыруымен «Мың бала» ауылды жердегі мектептерге арналған Ұлттық зияткерлік олимпиадасының I кезеңі – сырттай қаңтар-ақпан айларында өткен.

Облыс бойынша 5000 үміткердің ішінен 1150 оқушы Олимпиаданың ІІ кезеңіне қатысуға тізім бойынша бекітілген.

ІІ облыстық кезеңі Алматы қаласындағы химия – биология бағытындағы НЗМ-де және физика – математика бағытындағы НЗМ-де және Талдықорған қаласының физика – математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базаларында 2020 жылдың 25-26 маусым күндері өтеді деп күтілуде. Бұл білім байқауына 1150 оқушы қатыспақ.

«Талдықорған қаласында өтетін олимпиадаға қатысатын оқушылар бұйрыққа сәйкес Талдықорған қаласындағы сервис және технология колледжі және Алматы қаласындағы дарынды балаларға арналған Ш.Смағулов атындағы облыстық мектеп интернатының жатақханасында орналасады. Қатысушыларға таңғы ас, түскі ас орналасқан жерлерінде сағат 07.00де, 12.30 да жатақхананың асханасында беріледі»,- дейді Алматы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлбақыт Қасенова.

Сонымен қатар, «Ел үміті» бастамасы аясында “Елбасы Медалі” жобасы іске асады.

Жоба — өскелең ұрпақты тәрбиелеуге және олардың үйлесімді жетілуіне мүмкіндік береді. Бағдарламаға қатысушылардың жас шамасы 14 пен 29 аралығын құрайды.

Әр деңгейдің өзінің өту мерзімі мен бағыттары нақтыланған.

Атап айтсақ, қола деңгей 14 жастан жоғары қатысушыларға арналған. «Қола» деңгейінің талаптарын орындау үшін — 6 ай; Күміс деңгей 15 жастан жоғары қатысушыларға арналған. «Күміс» деңгейге – 12 ай; Алтын деңгей 16 жастан жоғары қатысушыларға арналған. «Алтын» деңгейге – 18 ай мерзім белгіленген.

Қазіргі уақыта облыс бойынша 888 жас тіркелген. Тіркелу әлі де жалғасуда.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password