Азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы анықтаманы Egov.kz электронды үкімет порталында онлайн немесе ХҚО-да алуға болады.

1.Қызметті онлайн алу:
Порталда авторизациядан өткеннен кейін «Әскери есеп және қауіпсіздік» бөлімінен қажетті қызметті тауып, «Онлайн сұратым» батырмасын басыңыз.
Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз. Ол үшін сіз міндетті түрде мобильдік азаматтар базасына тіркелуіңіз керек.
Жеке кабинетіңіздегі «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде 5 минут ішінде өтінішіңіздің нәтижесімен таныса аласыз.
2.Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы алу:
ХҚО-ға жеке куәлігіңізбен барып өтініш жазасыз. Бұл ретте қабылдау қызмет алушының тіркелген жері бойынша жүзеге асырылады.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password