12.1 C
Нарынкол
Суббота, 20 апреля, 2024
No menu items!
Маңызды

 Райымбек аудандық жедел штабы бүгін терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізуде

2023 жылдың  19  шілдесінде  Алматы облысы Райымбек  ауданы Нарынқол ауылының аумағында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар басталды.

Осыған байланысты, Нарынқол ауылының тұрғындарынан сабырлық сақтауды және өткізілетін оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және оқу-жаттығуларды өткізуге жұмылдырылған құқық қорғау органдарының заңды талаптарын орындауды сұраймыз.

Оқу-жаттығуларды өткізу кезеңінде шектеу шаралары көзделетін болады, көрсетілген елді мекенде көлік құралдарының қозғалысын ішінара шектеу мүмкін болады.

Сондай-ақ, Нарынқол ауылы тұрғындарының назарына ҚР ӘҚБтК-нің 443-бабына сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатынын жеткіземіз.

Райымбек аудандық жедел штабы

Соңғы жаңалықтар

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ БІРГЕ ҚОРҒАЙЫҚ!

Табиғатты қорғау - адамзаттың басты міндеттерінің бірі. Табиғатты қорғау дегеніміз - табиғаттың әр бөлшегіне жанашырлықпен қарау, оның ресурстарын тиімді...

Осыған ұқсас мақалалар