«Nur Otan» партиясының 7 серпіні

«Nur Otan» партиясының Алматы облыстық филиалы нақты әлеуметтік топтарға бағытталған 6 жобаны жүзеге асыруда. Бұл туралы «Jetisy media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды.

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасын жариялаған болатын. Аталған бағдарламаны іске асыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылған. Мәселен, 2019 жылы азаматтардың өзекті мәселелерін шешуге, барлық деңгейде жалпы ұлттық диалогты қамтамасыз ету бағытында 2585 шара, нақты индикаторларға қол жеткізу мақсатында 1145 іс-шара жүзеге асырылған. Бұдан бөлек, «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» жобалары аясында 1168 іс-шара ұйымдастырылды.

Жоғары да атап өткен, «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты бағдарламаның 6-шы серпінінде қарқынды ақпараттық-идеологиялық жұмысты ұйымдастыру тапсырмасы жолға қойылған.

« «Nur Otan» өзінің ақпараттық стратегиясын түбегейлі қайта қарауы қажет. Партияның бұқаралық ақпарат құралдары объективті және жедел ақпарат көздеріне айналып, халықтың сеніміне ие болуға тиіс. Осы тұста бұқаралық ақпарт өкілдерімен бірлесіп жұмыс істеу бағыттарын қарастыру міндеті тұр»,-деп атап өтті «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Әкебайұлы.

БАҚ өкілдері арқылы қоғаммен тығыз байланыс орнатуды көздеген партия тұрғындар өтінішімен жүйелі жұмыс жасауда. Облыстық партия филиалы және аумақтық партия филиалдарының қоғамдық қабылдауларына 6229 өтініш тіркеліп, 2960 өтініш оң шешімін тапқан.

«Nur Otan» партиясы өңірдегі мәдениет саласының дамуына да ат салысуда осы орайда облысымызда алғаш рет Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай, бұрынғы және бүгінгі күннің ақын-жыршыларының өлең жинағын шығару жобасы қолға алынады. Жинақ 175 томнан тұрады және әр заманның ақын-жыршыларының іріктелеген туындыларын біріктірмек.

Анар САБЫРОВА

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password