«Дін мен дәстүр — егіз ұғым»

        Дін – діңгегіміз болса, дәстүр оны толықтырып, көркейтіп тұрған әдет – ғұрыптарымыздың рухани бөлінбес бір бөлшегі болып есептелінеді. Ата – бабамыздан келе жатқан асыл дініміз қазақ халқына жат емес. Ең алдымен ислам – ең әділетті дін екенін айтуымыз керек. Әділет сөзі – ақиқатты жақтау, теңдікті ұстау, әр нәрсені өз орнына қою, түзету, дұрыстау деген мағыналарды білдіреді. Осы қағидалардың қоғамда берік тәртіп орнатуымызға ықпалы зор. Күштінің әлсізге әлімжеттігін тияды. Ал, әділдік – Жаратушы иеміздің көркем есімдерінің бірі. Ислам діні ұлтына, нәсіліне, түр – түсіне, әдет – ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне – этникалық құрамына қарай бөлуге шек қоймаған. Пайғамбарымыздың «Ұлтшылдыққа, рушылдыққа шақырған адам бізден емес» — деген хадисі бұған дәлел. Жат ел болса да, олардың жақсы қасиеттерін бойға сіңіруге болар, ал олардың өздеріне тән дәстүрлерін келсін – келмесін қабылдай беруге болмас. Алланың кітабы «Құран» адамзаттың өркениетін байыта отырып, әрбір ұлттың өз болмысын сақтағанын қалайды. Дінмен бірге миллиондаған жылдардан бері ата – бабамыздың озық ұлттық дәстүрлерін кейінгі жас ұрпаққа жеткізу – баршамыздың міндетіміз болып табылады. Ислам діні — сырапшылдыққа жол бермеген. Халқымыздың бұрыннан қалыптасып келе жатқан әдет – ғұрыптары да дініміздің қағидаларына сай келеді. Жыл басымыз Наурызды тойлау, қалыңмал беру, үкі тағу, ораза, Құрбан айттарын мерекелеу, жар таңдау, қыз ұзату, ұлды сүндеттеу, жар – жар айту, бесікке салу, той жасау, өлген адамға ас беру, балаға ат қою, қонақ күту т.б. толып жатқан жақсы әдет – ғұрыптарымыз жетерлік. Дәстүрлі дініміздің негіздерін үйрену арқылы жастардың рухани дүниесі дамып, кез келгеннің құрығына түсуден сақтанып қана қоймай, өмірдегі өз орнын тайға таңба салғандай етіп белгілейді. Сондай-ақ, әркімге бір еліктеуден құтылып, ақиқаттың жолымен ғана жүруді үйренеді. «Ислам — пәктікті талап ететін дін. Сол себепті тазалық иманның басты бір бөлігі. Ел арасында кең тараған ырым-тыйымдар халықтың діни наным-сенімінен шыққан. Айталық, ең қастерлі тағам нан екені шындық. Үлкендер «Балаға нанды бір қолыңмен үзбе», – деп айтып отырады. Себебі, нан қастерлі тағам. Оның қоқымын жерге орынсыз шашпауды да үйреткен. Тазалық пен ысырапқа жол бермейтін, асқа құрмет әдебін үйретіп, бардың бағасын білуді меңзейтін тыйымдармен неге келіспеске?! Ата-бабадан аманат болып жеткен сол дәстүрлердің бір парасы сан ғасырлардан бері ұласып келе жатқан ұғым-ұстанымдар болса, ал басым бөлігі асыл діннің әсерінен пайда болған дағдылар. Расында да белгілі бір қауымның қалыптасуы үшін алдымен ортақ тілі мен діні, тарихы мен салт-дәстүрі, Отаны болуы тиіс.

Дина Молдағожаева,

ауданның Құрметті азаматы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password