Күз келбеті

        1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы шешімімен 3 желтоқсан халықаралық мүгедектер күні болып белгіленді. Ал, Қазақстанда мүгедектер күні жыл сайын қазан айының екінші жексенбісінде аталып өтіледі. Бұл күні тағдырындағы қиындықтарға қарамастан салауатты өмір салтын белсенді ұстанып, басқаларға шыдамдылық пен төзімділіктің үлгісін көрсетіп жүрген адамдарға сый-құрмет көрсетіледі. Мүгедектер күні мүмкіндігі шектеулі адамдардың қиын мәселелеріне көңіл бөлуге арналған. Бұл атаулы күн көмек пен қолдауға зәру адамдардың өміріне бей-жай қарамайтындардың барлығын, олардың ерлігіне, табандылығына, таланты мен ерекше қабілеттеріне бас иетіндерді бір арнаға біріктіред

        Осыған орай, аудан орталығы Нарынқол ауылында орналасқан «Қайсар» әлеуметтік оңалту орталығының басшысы Роза Қайғатырованың ұйымдастыруымен «Күз келбеті» атты мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мерекелік шара өтті. Басқосу барысында әр ауылдан келген мереке иелері өздерінің қол өнерлерін ортаға салып өзара сайыс ұйымдастырды. Бірі күздік дақылдардан жылқының бейнесін жасап, бірі күздік жеміс-жидектерден топтама жасап, ал бірі тақтай бетіне қарасаң көз тоймастай әдемі суреттер салып мерекеге бар күш жігерлерін салып дайындалғаны көрініп тұр. Жиынға арнайы келген қонақтар мен әділқазылардың алдында Айтақын Ринат күз тақырыбында жазған өлеңін оқыса, Дәуен Дархан әуелетіп ән салып мерекенің мерейін кіргізді. Сөйтіп сайысқа қатысушылар көпшіліктің қошеметіне бөленді. Жарыс болған жерде жеңімпаздың болатыны белгілі. Бірінен бірі өтіп тұрған қолөнерлердің ішінен жеңімпазды анықтау әділқазы алқаларына оңайға соқпағаны анық. Дегенменде, мерекелік сайыста Текес ауылынан келген Айтақын Ринат бірінші орынды, Сырлыбек Бірлік екінші орынды, Қақпақтан келген Дәуен Дархан үшінші орынды жеңіп алып, «Жартас Райымбек» қоғамдық қорының алғыс хаттарымен, сый-сияпаттармен марапатталды. Басқа да қатысушыларға алғыс білдіріліп мерекелік сыйлықтар табыс етілді. Мерекелік кештің соңында мүмкіндігі шектеулі жандар өзара әңгіме дүкен құрып, бір сергіп қайтты.

Дастан ЖАНАСЫЛ.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password