ҚАРТТАР ҚАШАНДА ҚАМҚОРЛЫҒЫМЫЗДА

       Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялауы Райымбек аудандық пробация қызметінің қолдауына кеңінен ие болуда. Аталған шара аясында біршама игі істер атқарылып, тиісті жемісін беруде. Соның айқын дәлелі ретінде жуырда пробация қызметінің ұйымдастыруымен «Еріктілер жылын» қолдау мақсатында Райымбек аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтармен бірлесе отырып, ауданымыздағы ардагер ұстаздарымыздың бірі, жас буынды білім нәрімен сусындату жолында ерен еңбегімен көптің құрметіне бөленген, сол арқылы мемлекетіміздің дамуына лайықты үлес қосқан Шәріпақын Әбішев ақсақалдың үйінің ескіріп, сылағы түскен қабырғаларына кішігірім құрылыс жұмыстары жүргізілгенін айтқан жөн.

Ұстазымыз атқарылған жұмыстарға өз ризашылығын білдіріп, ыстық ықыласқа толы ақ батасын берді.

Жәнібек ӘЛІМТАЙ,

аудандық пробация қызметінің аға инспекторы,

әділет аға лейтенанты.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password