Абай өлеңдеріндегі сырлы махаббат

       Қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбаев өз шығармаларының бір шоғырын лирикалық тақырыптағы өлеңдерге арнады. Сол тақырыптарының ішінде махаббат лирикасына арнаған өлеңдерінің орны бір бөлек. Шын жүректен туған, жүректен – жүрекке жеткен терең мағыналы, оқырман көңілінен орын алған махаббат лирикасы тақырыбындағы өлеңдерінің орны ерекше.

Махаббатсыз дүние бос,

Хайуанға оны қосыңдар,

Қызықтан өзге қалсаң бос,

Қатының, балаң, досың бар, — деп келеді. Яғни, махаббатты тек сүйіктіңе ғана арнамай, басқа жақындарыңмен де бөліс деп тұр. Махаббатты сүйгеніне ғана сыйлап, махаббатты бір қырынан ғана түсініп жүрген жастарға таптырмас ақыл. Жүрегінде махаббат жоқтарды хайуанға теңеп, ұлы сезімсіз өмірдің мәні жоқ екеніне көз жеткізіп тұр.

        Енді бірде Абай кіршіксіз пәк, биязы да, әдемі де, сұлу қыздың образын қылқаламмен өрнектеп салған портреттен де асыра түсіріп суреттейді.

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақыры.

Кәмшат бөрік, ақ тамақ қара қасты

Сұлу қыздың көріппең мұндай түрін, — деген өлең жолдары еріксіз есіңе оралады. Шіркін, қазіргі заманның қыздары да шет елге еліктеп, әдемілікті қолмен жасағанша, табиғи сұлулығынан ажырамай Абай айтқан бейнені жоғалтып алмаса қандай керемет. Абай сұлу қыздың көркін осылай суреттеп келіп, сөйлесе сөзі әдепті, мағыналы- мазмұнды.

       Күлкісі бейне бұлбұл құс сайрайды, — деп қыз баласының жан сұлулығын, сыпайылығын айта кетеді.

Жігітті жұрт жақтаған қыз мақтаған,

Кей жігіт мақтан үшін үгіт қылмай

Бойында майдалық пен сыр сақтаған,

Кей жігіт ұятсыздық пен ұят сынбай,

Қолы жетпес нәрсеге таратылған, — деп жігіт бейнесін де үйлестіре кетіп, сұлу қызбен жігіттің де жігіті бар екенін айта кеткен.

Қатының сені сүйсе, сенде оны сүй,

Қоржаң суық келеді кей сасық ми.

Ері ақылды, қатыны мінездей боп,

Тату болса райс үстінде үй, — деген шумақтар да ер мен әйелдің арасындағы қарым – қатынас қандай болу керектігін үйленгеннен кейін нендей қам – қарекетте болу жайлы нұсқап көрсетіп тұр.

Көзіме жас бер, жылайын,

Шыдам бер сабыр қылайын.

Жаралы болған жүрекке

Дауа бер жамап сынайын – деп, махаббатқа қызық мол жылдарын, басынан өткен ғажайып, ғашықтық, махаббатқа құштарлық кездерін сағынған болып… Келесі шумақта жарлы жүрегіне дауа іздеп, келмеске кеткен кездерді еске алып жазады.

Қарны тоқ қоса надан ұқпас сөзді,

Сөзді ұғар, көкірегі болса көзді.

Қадірін жақсы білер жанға

Таппай айтпа оғанда айтар кезді.

Абай сөз қадірін, сөз құдіретін түсінген бірден – бір тұлға. Оны жеткізе білген өзгелерге де, — «сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел» деп баршамызды жақсы жолға шақырып жазды емес пе…

Ғашықтық құмарлық пен ол екі жол.

Құмарлық бір нәпсі болады сол… демекші, бір сәттік рахатты жүрек түбіндегі махаббатпен шатастырып жүргенде Абайды оқы, Абайға жүгін дегім келеді. Абай махаббатты жай бір сезім емес, мәңгі өшпейтін шығармаға теңейді.

        Абай ғашық болды, сүйе білді, сонымен бірге күйінді, сағынды, аңсады махаббаттың жақсы-жаманын көре келді. Дәмі бұзылмас, түсі сарғаймас құлақ құрышын қандырар ән-жырларын қалдырды. Бұл эссе Абайды тек бір қырынан ғана көру…

        Абайдың қара сөзінде де «Адамшылықтың алды махаббат, ғаділет, сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ. Ол жаратқан тәңірдің ісі… Бұл сөздердің мәнісін тереңінен түсініп, санасына құя білген адамға үлкен мағына береді. Абай – лирик ақын. Сөз өнері арқылы адам баласының өмір сүру принципін айқын көрсетіп кеткен. Бұл әлемге махаббат, ғаділет көзімен қарайық!

Әмина Кемелбай,

Сарыбастау ауылы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password