Балалардың отпен ойнауы

     Жыл басынан бүгінгі күнге дейін Райымбек ауданы  аумағында балалардың отпен ойнауынан 5 өрт оқиғасы орын алды.

Барлық білім беру мекемелерінің оқушыларының демалысқа кету себебінен балалардың отпен ойнауын болдырмау мақсатында Райымбек  ауданының  Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері күнделікті «Instagram» парақшасында тікелей эфирлер жүргізеді, сонымен қатар «Instagramraimbek_bilim», «https://m.facebook» парақшалары, «raimbek_audani_akimdigi» сайтына мақала, жадынама-ескертпелер жарияланып отырады және күнделікті «WatsApp»  желісі арқылы оқушылардың ата-аналарына «Балалардың отпен ойнауы» тақырыбында видеороликтер мен жадынамалар жіберіліп отырады.

Райымбек ауданының төтенше жағдайлар бөлімі ата-аналарға балаларыңыздың ең басты назар аударатын нәрсесі, ол өрт болған жағдайда мінез-құлық ережелері екенін хабарлайды: 

  • үйде немесе пәтерде қалмау керек, шкафтарда, қоймаларда, төсек астында тығылуға болмайды;
  • өртті өздігінен сөндіруге болмайтындығын;
  • мүлікті сақтай отырып өмірін тәуекелге қоймауға;
  • терезе мен есіктерді айқара ашпауға;
  • су құбырларымен және жіппен түспеуге;
  • өрт пайда болған кезде лифтті пайдалануға болмайтындығын түсіндіру.

Әрбір бала өрт сөндірушілерді шақыра алатын «101» және «112» телефон нөмірлерін білуі тиіс. Ең бастысы балаларыңыз өрт қауіпсіздігі ережелерін, отпен ойнамау керектегін білу тиіс. Бұл әрбір отбасының міндеті мен парызы.

Еркебұлан Тергеусізов,

Райымбек ауданының

ТЖБ аға инженері.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password