ҚАУЛЫ  № 7   Райымбек ауданының аумағында карантинді шараларды күшейту туралы

          Мен, Райымбек ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері  Ф.С. Ережепова Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 «Қазақстан Республикасының

халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алужөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы Қаулысымен, Алматы облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылдың 12 маусымындағы № 16  және 23 маусымындағы № 18 Қаулыларын басшылыққа алып, Алматы облысы аумағында СOVID-19 сырқаттанушылығының 2,5% өсуімен, аудан аумағында эпидемиологиялық жағдайды одан әрі күшейту  мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Райымбек ауданында карантинді шараларды күшейтуді енгізу. Карантин режимі мен мерзімдері «COVID-19» коронавирустық жұқпасының таралу жағдайының өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін.
  2. Ауылдық округтердің әкімдері, Райымбек аудандық полиция басқармасы қамтамасыз етсін:

          2.1 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы  22 мамырдағы №37 қаулысының 23 қосымшасына сәйкес, әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), басқа да кеңселердің жұмысын жандандыруды. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 80% қашықтықтан жұмыс нысанында қалдыру.

2.2 Жабық үй-жайларда ойын-сауық, бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды, сондай-ақ спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салуды.

2.3 Әкімдік жанындағы мобильды топтардың нысандарға іріктеп тексеру жүргізу және эпидемияға қарсы режим талаптарының, жұмыс режимінің сақталуына мониторинг жүргізуді.

2.4 Халық арасында COVID-19 таралуының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді.

2.5 Почта бөлімшелерінің, халыққа қызмет көрсету жұмысын алдын ала жазылу бойынша, электрондық кезекпен және басқа да шаралар бойынша жұмыс кестесі сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін, халықтың жиналуына жол бермеу және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында ұйымдастыруды.

2.6 Почта бөлімшесінің жұмысын, әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қызметкерлердің халыққа бір реттік қолғаптар мен медициналық бетпердеде қызмет көрсетуін, пошта хат-хабарларымен (хаттар, сәлемдемелер және т.б.) байланысты жұмыстарды жеке қорғану құралдарымен (халат, медициналық бетперде, қолғаптар) жүргізуін қамтамасыз етсін.

3. Ауылдық округтердің әкімдері, Райымбек аудандық полиция басқармасы, аудандық кәсіпкерлік бөлімі және «Атамекен» ҰКП келесі қызметтердің тоқтатылуын қамтамасыз етсін:

        3.1     Балалар сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлерді.

        3.2   Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 19-қосымшасына сәйкес онлайн-тапсырыстарды ұйымдастыруды және жеткізуді қоспағанда, 30-дан астам жабық үй-жайларда және 50-ден астам жазғы алаңдарда қоғамдық тамақтану объектілері.

        3.3    Діни нысандар.

        3.4    Барлық меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдар.

        3.5    Білім беру орталықтары, үйірмелер.

   3.6 Меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда жиналыстар, кеңестер,  конференциялар, форумдар, семинарлар, съездер және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

4. Райымбек ауданының тұрғындарына:

4.1 Аудан ішінде және одан тыс жерлерде еркін қозғалуға рұқсат етіледі.

4.2 Жабық үй-жайларда және көшеде, оның ішінде сауда объектілерінде, қоғамдық орындарда және басқа да көпшілік жиналатын орындарда бір-бірінен кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтау.

4.3 Барлық жерде, оның ішінде жабық ғимараттарда (қоғамдық көлікте) бетпердесіз болуға тыйым салынады.

4.4 Респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері (тұмау, түшкіру, дене қызуының көтерілуі) пайда болған кезде жедел медициналық көмекті 103 нөмірі бойынша шақыру арқылы медициналық ұйымдарға бармай, үйде дереу медициналық көмекке жүгінуге болады.

4.5 Жабық үй-жайларда ойын-сауық, бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық (үйлену тойлары, мерейтойлар, туған күдері, құда түсу, еске алу, естелік іс-шараларды) спорттық іс-шараларды және т.б. өткізуге тыйым салынады;

5. Райымбек аудандық денсаулық сақтау басқармасы (Әкімбаев Ж.Н.) қамтамасыз етсін:

5.1 Халықты жоспарлы иммундауды, өмірлік қажеттілік бойынша медициналық манипуляцияларды, жүкті әйелдердің скринингі мен қабылдауды қоспағанда, стационарлық медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілерінде жоспарлы емдеуге жатқызуды тоқтата тұру, сондай-ақ амбулаториялық-емханалық және стоматологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілерінде жоспарлы медициналық қызметтерді көрсету (профилактикалық тексерулер, скринингтер, оңалту және басқалар) және қабылдауды тоқтатуды,

5.2 МСАК дәрігерлерінің жоспарлы қабылдауын және амбулаториялық-емханалық ұйымдар дәрігерлерінің жоспарлы консультацияларын қашықтықтан қызмет көрсету форматына ауыстыруды;

5.3 Қолдану нұсқаулықтарына сәйкес вирусқа қарсы тиімділігі бар дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, санитариялық-дезинфекциялау режимін күшейту»;

5.4 Инфекциялық, карантиндік, провизорлық және басқа да медициналық ұйымдарда эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтауды.

 6. Райымбек ауданының полиция басқармасы қамтамасыз етсін:

6.1 Аудандық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысы бойынша науқастардың және байланыста болған адамдардың тұратын орындарын қоршап, оқшаулауды.

6.2 Жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталған жағдайда ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес, оның ішінде профилактикалық сипаттағы шараларды қолдануды.

7. Райымбек аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларына қамтамасыз ету:

7.1  COVID-19 науқасынан COVID-19 жағдайының тіркелгені туралы хабарлама алған сәттен бастап 3 сағат ішінде сауалнама алуды.

7.2 COVID-19 жағдайының тіркелгені туралы хабарлама алған сәттен бастап 24 сағат ішінде эпидемиологиялық тергеп-тексеру картасын ресімдей отырып, COVID-19-дың әрбір жағдайын эпидемиологиялық тергеп-тексеруді.

7.3 СОVID-19 жаңа жағдайлары тіркелген кезде басқарма мамандарымен жақын және ықтимал байланыста болған адамдардың тобын белгілейді. Байланыста болған адамдарды анықтау Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы  22 мамырдағы №37 қаулысының 33-қосымшасына сәйкес жүргізіледі.

7.4 COVID-19 науқастарының ошақтарында эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізуді.

7.5 Жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталған жағдайда ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес дереу шаралар қолдануды.

8. Райымбек аудандық ішкі саясат бөлімі және бұқаралық ақпарат құралдары:

8.1 Үй жағдайында COVID-19 туындаған коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алдын алуға, жеке алдын алу шараларына және ауру жағдайында мінез-құлық тактикасына баса назар аудара отырып, түсіндіру-ағарту жұмыстарын күшейту.

9. Осы қаулы барлық мүдделі органдардың, ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.

10. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

Райымбек ауданының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері Ф. Ережепова

 

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password