Салғырттыққа салынбайық

       Қиын-қыстау кезеңде нақты шешімді жолдарға қадам басуымыз керек. Індеттің екінші толқыны әлдеқашан басталып кетті. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мамыр айындағы шектеулерді алғаннан кейінгі ел ішіндегі ахуалдың қаншалықты қиындағанын нақты дәлелдермен атап берді. Вирустың күштілігі, жылдам таралуы – тікелей өзімізге байланысты. Төтенше жағдай режимі тоқталғанмен сақтық шаралары жалғаса беретіні сан айтылды. Дегенмен, салғырттыққа салынған жағдайлар азаматтар арасында көп болып жатты. Ел басшысының айтқанындай бар. Жергілікті жерлерде тиісті жұмыстар дер кезінде атқарылмай, тиімділігі аз шаралардың қабылдануы салдарынан көпшілік орындарда вирус ошақтары пайда болды. Қарапайым адамдар емес, медицина қызметкерлерінің өздері ауруға шалдығып жатты. Қажетті дәрі-дірмектерден тапшылық байқалды.
Міне, осы келеңсіздіктердің кесірінен Мемлекеттік комиссия аясында барлық жұмыстар пысықталатын болды. Мемлекеттік комиссияға наурыз-мамыр айларындағыдай қатаң карантин режимін сақтау турасында ұсыныс әзірлеп енгізуді тапсырды. Бұл дегеніміз қайтадан қашықтықтан жұмыс жасау жүйелі түрде іске асатын болады. Сақтық шаралары қатайтылады. Қарым-қатынас онлайн жүйемен жалғаса береді. Тіпті, теледидар арқылы мамандар ақыл-кеңестерін беруді де қажет деп тауып отыр. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі ұлттық жоспарын әзірлеуді Үкіметке тапсырды.
Иә, еліміз Үкімет тарапынан нақтылы қадамдарға аяқ басып жатқанда біз өз тарапымыздан үлкен қолдау көрсетіп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білуіміз керек. Көзге көрінбейтін аты жаман індетпен тек ауызбіршілікте ғана күресе жеңе аламыз. Сондықтан сабыр сақтайық ағайын.
Бибігүл Байсынова,
Т.Жанұзақов атындағы орта мектептің
тарих пәнінің мұғалімі.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password