«Хантәңірі» рухани серітім

       Мен «Хантәңірі» газетінің тұрақты оқырманымын. Газеттің әрбір санын асыға күтемін. Ауданымыздың тың жаңалықтарымен, тұрмыс-тіршілігімен осы газет арқылы танысып отырамын. «Газет – халықтың көзі, құлағы, һәм тілі» демекші аудан өмірінің айнасы, жаңалықтардың жаршысы болған «Хантәңірі» газетіне жыл сайын жазылып отырамын. Бұл газеттен елдің, жұрттың өмірі, тұрмыс –тіршілігі көрінеді. Шешімін тауып жатқан игі істер жазылады. Маған газет бетіндегі түрлі айдарлар мен алуан тақырыптағы мақалалар ұнайды. Оқыған адамның рухани жан дүниесі тазарып, саяси-мәдени, әдеби-діни сауаты кеңінен ашылып, тілдің қадір-қасиетін танып білуге үлкен көмегі тиеді. Ауданымыздың айнасы іспетті осы төл газетімізбен қоян қолтық араласып, етене жақын, тығыз байланыс жасап жүргеніме жарты ғасыр уақыт болды. Осы уақыт аралағында газет менің рухани сырласыма, жан досыма айналды. Газет бетіндегі сиясы кеппеген жаңа туындыларды оқып ой елегінен өткізіп, жақсы нәрселерді көкейге түйіп алатын кездер де көп болады. Өзім де білгенімді оқырмандарға ұсынып, газет бетіне жариялауға асығып тұрамын. Әсіресе, газет бетіндегі туындылардың жастарға берер үлгі-өнеге, тәлім-тәрбиесі ұшан-теңіз.
Осы салада қызмет істеп жүрген барлық тілшілерді, соның ішінде «Хантәңірі» ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтағым келеді. Шабыттарың шарықтап, қаламдарың мұқалмай, төл туындыларың елдің жүрегіне жете берсін. Жақсы жазбаларымен оқырмандарды сусындатып отырған «Хантәңірі» газетінің қаламгер тілшілеріне алғысым шексіз. Ендеше осынау халықтың мұң-мұқтажын, өсіп-өнуін, ерен еңбектерін таныстыратын сіздер болғандықтан, ойларыңыздың ұшқыр болуына тілектеспін. Қиындыққа қарамай қажырлы еңбек етіп жүрсіздер. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Мерекелеріңіз құтты болып, мәртебелеріңіз биіктей берсін.

Қанат Ахметов,
Нарынқол ауылдық ақсақалдар
алқасының төрағасы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password