Ақпарат айдынындағы арулар

      Кішкентай ақпараттың өзі оқырман назарына қаншама мамандардың маңдайын шылқыта терлетіп, жол тартатынын біреу білсе, біреу білмес. Бір мақаланың өзі бір емес, бірнеше маманның алдынан өтіп барып қана газет бетіне терілуге жіберіледі. Мақаланы жазу бөлек, оның кем-кетігін тауып, әрлеп керемет дүние жасап шығу тағы бөлек әңгіме. Басылымға кеткен мақаланың газет бетіне тұруы, оның мағынасына сай бедер қосу, суреттерді талдау, қала берді оқырманды тартатын тақырып қоюдың өзі  —  бірнеше адамның миын шаршататын шаруа. Осы орайда,  «Хантәңірі» газетінде журналистермен қатар, басылымның шығуына сүбелі үлестерін қосып, қызғалдақтай нәзік болмыстарымен ауыр жұмысты арқалап, аянбай еңбек етіп жүрген аруларымыз да бар. Ауданымыздың ақпарат айдынында – толқын -толқын жаңалықтармен жұртшылықты құлақтандырсақ деп құлшына еңбек етіп жүрген нәзік жандыларды  келіп жеткен  БАҚ өкілдерінің мерекесімен құттықтаймыз! Алар асуларың биік болсын! Шығармашылық табыстар  тілейміз!

   Суреттерде газеттің беттеу, қаттау, мақалаларды реттеу, оңтайлы орналастыру, суреттерді әрлеу жұмыстарын жасап отырған  дизайнер-оператор — Мақпал Тобажанова.

 

 

Газеттің есеп-қисап, кіріс-шығыс жұмыстарын реттеп  отыратын — Перизат Ізтелеу.

 

 

  Газетке шығатын мақалалардың ішінен қате іздеп, үтір-нүктесін орнына қойып, сызықшасын сықитып, сызатынын сызып, алатынын алып газеттің сауаттылығы үшін еңбек етіп отырған -Ақмарал Тұрғанбекова.

 

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password