Мен туған ағамнан айырылғандаймын!

       Қайрат Болатұлы менің жеке ағам еді, алғаш үйленгеннен қамқорына алып, тойымыздың төрінде отырып ақ батасын беріп еді… Туғаның жасамайтын жақсылықты дәл сол уақытта жасап еді-ау… Әттең, дүние жалған деген… Алғаш жұмысымды Дәулет ағадан бастаған жұмысымды Қайрат аға басқарған ауыр атлетикада 4жыл еңбек еттім. Қайрат ағам ауыр атлетика федерациясын басқарып тұрған кезеңдер федерацияның жұлдызды шағы деуге болады. Әлем алдында да, ел алдында да абыройы асқақ шақ еді… Туған күнінде «Бахабай Қыз Жібек 18,үйді білесің кел»-дегені әлі есімде. Аға: «Жібек 18»деңіз деп, қалжыңдайтын едім. Асыл ағам-ай, алтын ағам-ай!!! Жүрегімнің бір бөлшегі үзілгендей болды-ау… Ер Дәулетке әке едіңіз ғой! Жан ағам жанатта нұрыңыз жарқырасын!

Інісі Бақтияр Қабасов

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password