Коронавирус туралы не білуіміз керек?

Наурыз айының 11 жұлдызында аудан әкімдігінің мәжіліс залында әлемдік деңгейде өзекті мәселеге айналған коронавирус туралы бас қосу өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Сағатбекұлы, аудандық  бөлім, мекеме басшылары, ауыл әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты. Бас қосудың басты мақсаты аудан жұртшылығына вирус жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Осы мақсатта аудандық тауарлар мен көр­сетілетін қызметтердің са­пасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Фарида Ережепова баяндама жасады.

     2020 жылдың 30 қаңтарында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирус (CoVID-19) инфекциясының өршуін қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы халықаралық маңызы бар төтенше жағдай болып табылатындығын мойындаған болатын. Коронавирустың 10 нан 100 ге тарта түрі бар. Оның адам үшін қауіптісі 7, аса қауіпті 3 түрі бар. Дүние жүзі бойынша жаңа коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 114578 адам. 4026 адамнан аса қайтыс болған. Аурудан жазылғандар 64031 адам. Жұқтырғандардың 93 пайызы Қытай, Оңтүстік Корея, Иран, Италияда. Аурудың ошағы саналатын Қытайдағы Ухань қаласында эпидемия кезінде 16 госпиталь іске қосылған. Онда 33 провинциядан 41600 дәрігер жұмыс істеген. Сол дәрігерлердің 3387-сі инфекция жұқтырып, 22-сі қайтыс болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша инфекция 105 мемлекетте таралған. Атап айтқанда Қытайда 80754 адам ауырып, 3119 адам қайтыс болған. Қытайда бір тәулікте 40 адам ауырса, соның 22-сі қайтыс болған. Италияда жұқтырғандар 10 мың адамнан асып, 460 адам қайтыс болған. Оңтүстік Кореяда 7513 адам ауырып, 54 адам қайтыс болған. Иранда 6566 адам ауырып, 194 адам қайтыс болған. Францияда 1191 адам ауырып, 19 адам қайтыс болды. Германияда 1018 адам ауырған. Испанияда 613 адам ауырып, 17 адам қайтыс болған. Жапонияда 502/6, АҚШта 474/19, Швейцарияда 337/2, Англияда 273/2, Иракта 54/4, Монғолияда 1 жағдай, Ресейде жұқтырғандар саны 20 адамға жетті.

      Ф. Ережепова өз баяндамасында 2020 жылы қаңтар айының 17-де Қалжат шекара бекетінен 2 отбасы өткен, барлығы 11 адам Қайнар ауылына қоныстанған. Сарыжаз ауылына 25 қаңтар күні 1 отбасы көшіп келген. Көшіп келген қандастарымыз 14 күн дәрігерлік бақылауға алынды. Қазіргі уақытта денсаулықтары жақсы, ешқандай шағымдары жоқ екенін хабарлады. Сонымен қатар коронавирустың белгілеріне де тоқталып, жұқтырған науқастың дене қызуы көтеріледі, қалтырау, терлеу, жалпы әлсіздік, дененің ауырсынуы, бас ауруы, мұрыны бітеліп немесе мұрыннан су сорғалап, көбінесе құрғақ жөтел пайда болады, ентігу, демалысы қиындайды. Жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының қабынуымен, өкпе қабынуына дейін апаратын ауыр жедел респираторлы синдромның дамуымен сипатталатынын айтты.

     Халық арасында аурулардың пайда болуына және одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында мынадай сақтық шараларын сақтау керек .

— қолдың тазалығын бақылау, таза арнайы киім мен аяқ киім киюді, объектіден шыққан кезде және дәретханаға барар алдында арнайы киімді шешуді, жұмыс басталар алдында және дәретханаға барғаннан кейін, сондай-ақ жұмыстағы әрбір үзілістен және ластанған заттармен жанасқаннан кейін қолды сабынмен жуу;

— қол жууға арналған раковиналарды қол жууға арналған құралдармен, бір рет қолданылатын сүлгілермен және электр сүлгілерімен жарақтандыруды (қызметкерлер үшін-өндірістік үй-жайларда);

— жөтел әдебін сақтау (қашықтықты сақтаңыз, жөтелгенде, түшкіргенде ауызды бір рет қолданатын орамалмен немесе киіммен жабыңыз, қолды жуыңыз);

—  үйде, жұмыс орындарында, мектептерде, терезелерді ашып жиі ауа алмастыру, желдету;

— аурудың алғашқы белгілері болған кезінде емдеу ұйымдарына медициналық көмекті шақыру.

Жиын барысында «Райымбек аудандық ауруханасы» КМК директоры  Жантас Әкімбаевқа коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар, күдіктілер анықталған жағдайда оқшаулауға және емдеуге медициналық ұйымдарда изолятор, инфекциялық, резервті, провизорлық және обсервациялық төсек орындармен қамтамасыз ету;

Медициналық ұйымдардың қорғаныш киімдер, сынамалы алуға арналған және дезинфекциялау құралдары жиынтықтарының, тұзды ерітінділердің, дәрі-дәрмектер, медициналық құралдар мен бетперделердің жеткілікті деңгейде болуын қамтамасыз ету тапсырылды.

   Дастан ҚАСЕНҰЛЫ.

 

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password