Республикалық ақпараттық үгіт-насихат Штабы құрылды

Мәдениеті мен өркениеті ұштасып экономикасы дамыған озық елдің қатарында болу әрбір тәуелсіз елдің басты мақсаты. Бұл тұрғыда дербес мемлекетіміз ешкімге дес берместен үздіктермен иық тірестіруге барын салып келеді. Ал, аяқтан шалып артқа тартатындар да жоқ емес. Ол-жемқорлық.

  Осы орайда, аталған індеттің тамырына балта шабу үшін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) жанынан Республикалық ақпараттық-үгіт насихат Штабы құрылған болатын.

Ақпараттық үгіт-насихат штабының негізгі мақсаты халық пен мемлекет арасында диалогтық көпір құру, сондай-ақ өскелең ұрпақтың, халық және мемлекеттік органдар арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бойынша кең түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Республикалық ақпараттық үгіт-насихат штабына ҚР қоғам қайраткері, режиссер, жазушы – Ермек Тұрсынов, қоғам қайраткері, этнодизайнер – Ырза Тұрсынзада, Парламент Мәжілісінің депутаты – Ирина Смирнова, «Парламентаризмді дамыту Қоры» ҚҚ жетекшісі, Республикалық Арнайы мониторингтік тобы жетекшісінің орынбасары – Зәуреш Батталова және тағы да басқа белгілі қоғам қайраткерлері мүшелікте.

Айта кетерлігі, аталған штаб ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтің қолдауымен екі апта бұрын ғана құрылған. Үгіт-насихат тобының алғашқы іссапары Алматы қаласынан бастау алып, жер әсемі Жетісуда жалғасын табуда.

Қай істі қолға алсада ұлттың қамын ойлайтын этнодизайнер Ырза Тұрсынзада Республикалық ақпараттық үгіт-насихат Штабының Төрайымы болып бекітілген.

  «Біршама жылдар аралығында мен өз отанымнан жырақта өмір сүрдім. Саналы ғұмырымның көп бөлігі Рессейде өтті. Туған жерден басқа мемлекетте тұруым менің кіндік қаным тамған жеріме, туған еліме деген риясыз, пәк махаббатымның бүр жаруына себеп болды. Тарихымызды түгендеп, қалың ұйқыға кеткен санамызды оятқым келеді. Ал, осы штабтың жұмысы менің ұстанымдарыммен ұштасып жатыр. Сондықтан да үгіт-насихат тобына мүше болдым. Ұлттың болашағын жемқорлық жеп жатыр. Онымен күресуіміз керек»,-деді Республикалық ақпараттық үгіт-насихат Штабының Төрайымы, Республикалық Арнайы мониторингтік тобының мүшесі, белгілі Қазақстандық этнодизайнер Ырза Тұрсынзада.

Текті елдің қанында жүректегі түйінді шешетін сөз құдіретін орынды пайдалану бұрынан бар. Осы штабқа мүше елдің естияр азаматтары елді сөзіне тоқтата алатын жандар болғанықтан, айтар ақылы, бабадан қалған нақылы арқылы жемқорлықтың алдын алуға елді үгіттемек.

«Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды» деген атадан қалған асыл сөз ар. Біздің сөзімізге тек ұлтына, сайып келгенде болашағын ойламайтын адам ғана құлақ аспайды»,- дейді Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жесқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша Департаменті басшысның Бірінші орынбасары, жазушы, политолог, айтыскер Арман Тілектесұлы.

Орақ тілді, от ауызды қоғамға ойларын ашық жеткізе алатын аға буынның ішіндегі белсенділерден құралған насихаттық штабтың құрамына барлығы мүше бола алады екен.

Республикалық ақпараттық үгіт-насихат штабы жер-жерлерде ашылады. Штабқа мүше олуға шектеу жоқ. Белсенді қоғамдық өмірді жаны қалайтын, айтары бар азаматтар мүшелікке өте алады.

Естеріңізге сала кетейік, насихат тобының Алматы облысындағы жұмысы мұнымен аяқталмақ емес. Алдағы уақытта олар Көксу ауданы, Еркін, Үштөе қалаларының тұрғындарымен кездеседі. Штаб тұрғындардың әртүрлі топтары үшін түрлі тәсілдерді қолдана отырып, ақпараттық-насихаттау жиналыстарын өткізеді. Қазір ақпараттық-насихаттау штабы еліміздің барлық облыстарында жұмысын бастады.

Анар Сабырова

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password