Спортты серік еткендер

Сарыжаз ауылында спорт десе ішкен асын жерге қоятын азаматтар жетерлік. Әлемдік додаларда көк туымызда көкке көтеріп жүрген Сарыжаздық спортшылармызда көп. Ауылдық округтің спорт нұсқаушысы Сембаев Жансерік ауыл жастарымен бірге мектеп спорт залында аптасына үш күн жаттығу жасайды. Сонымен қатар мектепте оқушыларға арналған шаңғы, қазақша күрес, бокс, дзюдо сынды спорт түрлеріне арналған жаттығу залдары да бар. Заман талабына сай жасалған жаңа мектепте үлкен және кіші спорт залдары салынған. Мектеп директоры Иманбаев Айдоста спорттан алыс емес. Абу Мұрат, Тағаев Алмас, Рабат Мағжан, Спатаев Дәурен, Мұхаммедқалиев Бауыржан, Абай Мағжандар мектеп оқушыларына дене тәрбиесі бойынша дәріс береді. Бозбашаев Дүйсен боз кілемде қазақша күрестен әртүрлі жастағы балаларды жаттықтырады. Маратов Ерлік болашақтағы шаңғышыларды тәрбиелеп, 90 балаға шаңғы тебудің қыр-сырын үйретіп жүрген жаттықтырушы. Дзюдоға 90 бала жазылып уақтылы шынығып жүр. Жас дзюдошылардың ұстазы Рақымбай Азамат. Сондай-ақ, Қазақбаев Ерқанат былғары қолғап шеберлерін бокс залында жаттықтырады. Болашақта әлем алдында ел намысын қорғайтын спортшыларымыз арамыздан шығатыны баршаға мәлім. Қазіргі кезде де аталған азаматтардың шәкірттері жиі жеңіс тұғырына көтеріліп, биіктерден көрініп, мерейлері үстем болып жүр.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password