Алматы облысының спортшылары Әлем чемпионатынан жүлдемен оралды

 Самбо күресінен Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінен жүлдемен қайтты. Бұл туралы «Jetisu Media» алаңында өткен баспасөз-мәслихаты барысында белгілі болды.

Оңтүстік Корея мемлекеті, Чхонжу қаласында өткен жарыста ел қоржынына 4 күміс, 5 қола медаль түсті. Жалпы жарысқа 81-мемлекеттен, 516-спортшы қатысқан. Бұл тізімде Алматы облысының балуандары да бар. Олар: Ерболова Гүлнұр, Жұмабаева Динара, Құрышбаева Ділдаш, Қуатай Арнур, Жумагереев Болатбек.

 Мәселен Ділдаш Құрышбаева финалға дейін қарсыластарын айқын басымдылықпен жеңіп, шешуші сында Ресей спортшысына ғана жол берді. Осылайша жерлесіміз күміс жүлделі болды. Ділдаш үшін жаhандық жарыстан алған 5-ші жүлдесі. Динара Жұмабаева да ел намысын лайықты қорғай білді. Ол үшінші орыннан көрінді.

Жергілікті журналистермен кездескен ел құрамасының мүшелері жарыстан алған әсерлерімен бөлісіп, алдағы жоспарларын айтты. Спортшылардың ендігі мақсаты желтоқсан айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін әлем кубогының кезеңінде топ жару. Сонымен қатар келер жылы Түркменстан астанасы, Ашхабадта жалауын желбірететін дүниежүзілік бәсекеде бірінші орынды алуды көздейт.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password