Ұлылықтың ұстаз тұрар басында

                       

1994 жылдан бері дүние жүзінің 100-ден астам мемлекетінде қазан айының алғашқы жексенбісі мұғалімдер мен білім беру саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесі болып белгіленген. Кей мемлекеттер бұл мерекені 5 қазан күні атап өтеді. Біздің елде атаулы күн қазан айының алғашқы жексенбісіне қойылған.

     1965 жылы 29 қыркүйекте КСРО жоғарғы кеңесі президумының бұйрығымен бекітілген ұстаздар мерекесі бүгінде үздіксіз аталып келеді.

 Аудан орталығындағы Б.Мұқай атындағы мәдениет үйінде ұстаздардың мерекесі ойдағыдай аталып өтті.  «Ұлылықтың ұстаз тұрар басында» атты салтанатты шараға аудан әкімі Нұржан Кеңесұлы арнайы қатысып, білім саласының қызметкерлерін төл меркелерімен құттықтады. Мереке құрметіне  ұйымдастырылған көрікті көрмемен танысты.

     Салтанатты бас қосуда  ұстаздарға шәкірттері  құрметтің белгісі ретінде гүл шоқтарын сыйлап, тілектерін жаудырды. Расыменде  бұл ұстаздарға қандай мақтау айтса да жарасады.

Өз кезегінде  аудан әкімі облыс әкімінің Алғыс хатын, Қ.Р білім және ғылым министрлігінің,  Алматы облысы білім басқармасының Құрмет грамоталарын үздіктерге табыстады. Сондай-ақ,  аудандық «Nur Otan» партиясы  филиалының төрағасының бірінші орынбасары Гүлнара Рауанқызы ұлағатты жандарды құттықтап,  Алғыс хатпен құрметтеді.

Аудандық білім бөлімінің басшысы Саят Ерсайынұлы сөз кезегін алып, әріптестеріне ақ тілегін арнады. Салатанатты шарада  «Әдемі мектеп ауласы» атты байқаудың жүлдегерлері А.А.Барманбекұлы атындағы мектеп гимназиясы, Б.Соқпақбаев атындағы орта мектебі,  Қ.Шорманов атындағы  орта мектебі, сондай-ақ  Сарыжаз орта мектебі мен К.Байшығанұлы атындағы орта мектебі, Шалкөде орта мектебі құрмет құшағына бөленді.

  Мерекеде  мектепке дейінгі және мектептен тыс білім мекемелері бойынша  Таугүл бөбекжай балабақшасы, Қарасаз өнер мектебі,  «Қызғалдақ» бөбекжай балабақшасы мен «Қарлығаш» бөбекжай балабақшасының аттары аталып, алғысқа ие болды.

    Жылы лебізін жолдай келген қарт ұстаз Баян Мұқанова  ұстаздықтың ұлы мамандық екенін айшықтап айтты.

   Мереке соңы аудан көркемөнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты.

 

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password