Табиғатты аялайық

                                

 Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғат ресустар Министрлігінің, қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры, Экологиялық ұйымдар қауымдастығының бірлескен бастамасымен «Табиғатты аялайық» ұранымен республикалық акция ұйымдастырылды.  Акцияға аудан әкімі Н.Кеңесұлы, аудан әкімінің орынбасары Н. Сағатбекұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы С.Үмбеталиев Нарынқол ауылдық округінің әкімі А.Шенебеков және мектеп оқушылары мен орман шаруашылығы қатысты. Нарынқол ауылындағы Бердібек Соқпақбаев атындағы орта мектептің  ауласына 25 қайың, 5 шырша отырғызды. Бұдан кейін, «ЭКО сағаты» акциясы  ашық тәрбие сағаттарымен өрнек тапты.  Сабақ барысында адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтыны тығыз байланыста екені айтылды. Табиғатты сүйе білу үшін табиғат туралы мол білу керек екені анық. Қашанда табиғатқа қамқорлық керек екені оқушыларға түсіндірілді. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген бабалар өсиетін ұғынған балалар акцияға алғыстарын білдірді.

    Осындай пайдалы іс-шаралар аудан мектептерінде жалғасты. «Қарлығаш» бөбекжай балабақшасы бойынша әр топта «Күз береке» атты оқу қызметі өтілді. Жас ерекшеліктеріне сай «Жемістер айтысы», «Жыл мезгілі», «Алма», «Ағаш» туралы топтық қызметтік оқулар болды. Онда балалар серуен кезінде табиғатқа бақылау жасап, үлкендердің көмегімен, Қамқоршылық кеңестің төрайымы Р.Әтеевамен бірге бақша ауласына 20 түп тал отырғызды. Жемістер туралы ән, тақпақ айтылып, ойындар ойналды. Көкөністер, жемістер жайлы жұмбақтар шешілді. Табиғатты қорғау, жемістерді күтіп баптау жөнінде түрлі шаралар ұйымдастырылды.

Елдос АХМЕТЖАНОВ

 

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password