Ел есінде есімі ескерілсе

Тарихтың тарғыл беттері шимайда-шимай тағдыр ізіне тұнып тұр.  Адамның өмірімен өрілетін кәрия тарих бұлыңғыр бұралаң жолдармен жүріп өтті. Дәлелді, дәлелсіз оқиғалар қаншама. Ер санасында естелік боп қатталып қалған қилы күндер бүгінге бетін шындыққа бұратын күн туды деп ойлаймын. Тарих бетіндегі тарыдай шашылған тағдыр иелерін түгендеп,  жарқыратып, көрсету біздің парызымыз. Өткенімізге өкінетін кез артта алыста қалды. Тәуелсіздіктің таңы талайлы тағдырымызды таңбалап, тасқа басты. Бірақ сонымен тарих жазылып бітті, түгесілді, түгенделді дей аламыз ба? Әрине жоқ. Тасада қалып баратын, тұлғалар әлі де жетерлік. Редакциямызға арнайы келген, Құдиярбек Шотаманұлының шөбересі – Әбілахат Рысмендиевтің тарихи- дерекке толы жазбасы көңіл аудартты.

     Менің өтініш етіп, Ұлт азаттық көтерілісінің 100 жылдығына орай   Құдиярбек би Шотаманұлы туралы толықтырылған мәліметтерді көтеріп, көпшілікке ұсынғаным бүгін емес. Біраз уақыттар болды. Мақсат біреу-ақ. Ауданымыздан шыққан батыр бабаларымыз жайлы ұрпақ білу керек. Тарихын танып жүру керек. Осы мақсатта  ауданымыздағы  Көкбел ауылы, Көксай орта мектебіне  Құдиярбек би Шотаманұлының  атын беруді лайықты санаймын. Әрине, оның барлығы заң жүзінде, ел-жұрттың, ағайынның жүрек қалауымен оңынан шешілсе нұр үстіне, нұр болар еді.

     Құдиярбек  Шотаманұлы 1855 жылы туылған. Ақ патшаға қарсы әскер жасақтап билік жүргізгені үшін Жәмеңке, Ұзақ батыр тағы басқа би болыстар мен бірге  атылып кетті.   Бұл боздақтар туралы  атақты жазушы М.Әуезовтың «Қилы заман» тарихи шығармасында,  Сәйдәлім Тәнекеевтің  «Қарқара көтерілісінде»,  Тұрлыбек Ілиясұлының, Ж.Қарабайұлының  Қарқара көтерілісі туралы тарихи деректерінде  толық та, тартымды көрсетілген.  Қ. Шотаманұлы туралы баспасөз  беттерінде мақалалар жарыса жазылды да, айтылды да.

  1. «Жас алаш» газеті 2015ж. 29 желтоқсан№103-104
  2. «Жетісу» газеті 2016 ж. 21 шілде №80(18212)
  3. «Райымбек» газеті 2016 ж. Бейсенбі №13 (13)
  4. «Хантәңірі» газеті 2016 ж.16 шілде №26 (79-53)
  5. «Қала мен дала» газеті 2016 ж. 25 шілде №25 (82)
  6. «Ана тілі» газеті                          2016 ж. 8-13 шілде №27 (13-37)
  7. «Заман жаршысы» газеті 2016 ж. 1 шілде №26 (81-96)
  8. «Хантәңірі» газеті 2016 ж. 20 қаңтар №15 (35)
  9. «Райымбек» газеті 23 сәуір  №15 (35)
  10. «Жас алаш» газеті                               2016 ж. 23 маусым №50 (3)
  11. «Райымбек» газеті 2016 ж. 20 қаңтар

Бұл біздің қолда бар мәліметтің жартысы ғана.   Қаншама  басылымдар арада өтті.

Құдиярбек Шотаманұлы 1855 жылы дәулетті шаңырақта дүниеге келген. Руы  Досалы – Шоған. Иванов болысынан. Жұртқа әділетті би болған.  Ұзын  бойлы, таңқы мұрын, қалың қас, терең көз, қалың ерін, ұяң мінезді қара кісі болған.

  Көтеріліс басшыларының патша үкіметінің зорлық-зомбылығын қолмен ұстап, көзбен көрген, зиялы адамдар екенін тарих әлдеқашан дәлелдеп берді.

Сонымен қатар, олар ұлт жолында, жастарға жалын беріп, әрі арқа сүйей білген көреген жандар еді. Әкелі – балалы, ағалы-інілі  батырлар бірімен бірі тізе түиістіре отырып, қиындық пен қауіпке бастарын бірге байлап, елге аталы сөз айтуға жарай білді.

Жас та болса ақылы асып, көпке жетекші бола білген азаматтар көтеріліс сапарының  алдынан орын алып,  басын өлімге байлағаны ерен ерлік қой. «Жасы кіші демегін – ақылы жетсе аға ғой» деген аталы сөз осындайда туған шығар.

Үлкен іс, әсіресе, халықтық көтеріліс  жастың жігері мен ерлігінсіз етек жая алмасы  белгілі жай.  Бұл ерекшелік Қарқара көтерілісінен де, көтеріліс басшыларының қатарынан да айқын көрінеді.

Сонымен, Қарақол ( Пржевальск)  түрмесіне қамалған Қарқара көтерілісінің басшыларының анық саны да көпке жария. Оның нақты саны 16 адам еді.

Төмендегі тізімге көңіл аударыңыз.

  1. Жәмеңке Мәмбетов – 1 топ (78 жаста)
  2. Ұзақ Саурықов 65 жаста ( 1топ)
  3. Нүке Ыстыбаев 64 жаста (Хромыхтың тізімінде «Куке» деп қате жазыпты – 2 топ)
  4. Саза Топиев 54 жаста (2 топ)
  5. Худаярбек Шотаманов 61 жаста (2 топ)
  6. Жанпейіс Отыншин 62 жаста (1 топ)
  7. Қазыбек Шорманов 55 жаста (1 топ)
  8. Кәрібоз Қаңтаров 51 жаста (2 топ)
  9. Тұрлықожа Жансеркин 53 жаста (1 топ)
  10. Жаңабай  Құдайбергенов 51 жаста (1 топ)
  11. Бекдайыр Сұлтанқұлов 46 жаста (1 топ)
  12. Сыбанқұл Арғынов 47 жаста  (2 топ)
  13. Құрман Әділбеков 29 жаста (1 топ)
  14. Әбубәкір Сұлтанбеков 45 жаста (1 топ)
  15. Білял Разақов 37 жаста (2 топ)
  16. Жайшыбек Бектенов 54 жаста (2 топ)

Өзімізге дейінгіні тарих таразысына салып салмақтап айтамыз. Біз сөз еткелі отырған кейіпкеріміз жайында төмендегідей деректі фактілер бар. Соған сүзіле көз салсақ.

Құдиярбек Шотаманұлы, түлкі бөркін басынан алып, екі қолын арқасына ұстап қырғыз өрме қамшысын беліне қыстырып, мәуіт шапанның алдыңғы етегін кері қатпарлап, қақырынып жиын ортасына шықты. Ол ақылға толған, тоқтаулы сөзін  баптап, салмақтап айтатын, халыққа жағымды ел билеуші.  Үлкен төбеде біріне-бірі сығылысып отырған  адамдарға үңіле қарап сөз сөйлеп берді.

-1854 жылы патшаға қарсы шығып, соғысып атысқанымыз жоқ.  Әділ патша деп қарадық. Содан бері патшаға қарсылық қылып, атысып көргеніміз жоқ.  Сондағы уәде бойынша қазақтан әскер алмаймыз, тек қана жиырма тиыннан түтінге рамат аламыз деп келіскен. Соған тоқтам жасап, ант қағазға аталарымыз қол қойған. Енді, міне, патша антын бұзып, уәдесінен тайып отыр.   Зұлымдылығы басынан асқан ақ патшаның тақтан түсетін уақытыда  алыс емес.  Қазақтың қалың бұқарасы кең далада өскен.  Оқығандары бірен-саран. Тізімге алынатын  жігіттердің бәрі де күні бұрын әскерлік ісіне тартылып  үйретілмеген.  Бұл жағынан олар тіпті дүлей.   Бұлар Германияның бастан-аяқ қаруланған әскеріне қарсы шығып түгел қырылып, құрбан болса да патша мен ұлықтардың жаны ашымайды. Жігіттердің тізімін жүргізуді тоқтатамыз. Күнде ертеңге салып,  приставтың басын қатырамыз. Жәмеңке мен Ұзақтан бөлектеніп шығарымыз жоқ. Бәріміз Жәкең мен  батырдың айтқандарына қосыламыз және қуаттаймыз.

Іңірде қазақтар қамалған камераның екі терезесіне төрт солдат келіп, нарда жатқандарға бесатардан  жалынды оқ жаудырды. Әр терезеде қос солдат, үсті – үстіне еселеген атыстың демі басылмады.   Нардың терезеге тірелген жерінде айғыз-айғыз, жотасы қан-қан  Құдиярбек етбетінен сұлап жатыр.  Оның бер жағында шалқасынан құлаған  Кәрбоздың ақша бетін айғыздап қан жапқан. Өмеке, Жанпейіс, Құрман, Біләл, Қағазбек  қаз-қатар құлап,  олардың кеудесінен шапшыған шәугім  шүмегінен аққан судай  камера төбесіне атылады.

Дарбазаның шыға беріс тақыр алаңында қандары жан-жаққа шашылып, арқа жондары қан-қан болып жатқандар халық  азаттығы үшін шыбын жандарын қиған қаһармандар еді.  Олардың алдыңғы қатарында  Байынқолдан – аяулы ардагер Қазыбек, Желқарқарадан алып денелі Бекдайыр, Қызылқиядан – торпақ тұрпатты, қайсар,  жігерлі Құдайқұл, Ақсудан – шомбал келбетті, бүркіттей жауды бүрген  Бейсен, Күрметіден – айбатты алып арыстан, өмір бойы жауыздықпен  алысқан  Асан, Шолпанатадан – сом темірдей кесектелген  бұлшық етті Дүйсен, Кемталдыдан – мығым тұлғалы, ер жүректі  Бердіқұл, Қошқардан – ашаң сипатты, нәзік Абдрахман,  Тамғадан – балғын кескінді, қайсар жігерлі  Үсен,  Жетіөгізден – тығыршық шымыр кейіпті, қайраты топ жарған  Бекқұл,  Жерғалаңнан – қапсағай денелі, арыстандай айбатты Тоқтақұл.

Дарбазаның табалдырығынан қан сел болып ақты.   Түрме жайы қан сасиды. Камералардың қабырғалары, төбесі, едендері, босаға, есіктері де қанға боялды. Өліктерден аяқ алып жүріп болмайды. Қанды таяқ, қара жүрек, қанқор зұлымдар сотсыз, құры қол тұтқындарды қырды.  Қанға шомылған, қан сіміріп, қанмен сусындарын мейлінше қандырған қаныпезерлер бүкіл Жетісу көлеміне әйгіленді.

Тізімде қауіпті қылмыскер ретінде 66 адамның аты-жөні аталған

Бұл 66 адамның он бесі (15) – аса қауіпті қылмыскерлер ретінде аталмыш кодекстің 13 және 263-бабының бірінші бөліміне сәйкес жазаға тартылған екен. Он үш (13)  адам олардың тікелей жақтаушылары, сол себепті қауіпті қылмыскерлер деп танылған. Патша үкіметінің қылмысты істер кодексінің жоғарыда көрсетілген баптары мен бірінші бөліміне сәйкес, топтағы 15 адам ату жазасына жатады деп ұйғарылғанда, екінші топтағы 13 адам 15 жылдан 25 жылға дейін қатырмаға (каторгаға)  айдалуы тиіс  деген тұжырым  айтылыпты. Ал қалған үшінші топтағы 38 адам 15 жылға түрмеге қамалуы тиісті қылмыс жасағандар деп пайымдалған. Бәрінің жері, мал-мүлкі  конфискеленуге тиісті.

Міне, сол адамдардың тізімі. (тізім соттың қаулысында қалай жазылса, өзгертілмей сол күйінде келтірілді)

  1. Сыбанқұл Арғынов Құрман болысы
  2. Кәрбоз Қаңтаров                             Құрман болысы
  3. Білял Разақов Алжан болысы
  4. Нүкте Ыстыбаев Алжан болысы
  5. Алдаберген Қойшыбеков Кеген болысы
  6. Жаңғарыш Манабаев         Айт болысы
  7. Худаярбек Шотаманов Байынқол болысы
  8. Желеу Сүгіров Иванов болысы
  9. Тоймақ Қуанышбаев Иванов болысы
  10. Сыдық Жаменкин Иванов болысы
  11. Оспан Шойбеков Иванов болысы
  12. Жайшыбек Бектенов Кеген болысы
  13. Саза Топиев (Тюпиев) Құрман болысы

Тағдыр тартысына түскен Қарқара

 Ұлт азаттық көтерілісінің Албаннан шыққан Жәменке, Ұзақ батырлармен, т.б. би болыстарымыз  қаншама боздақтарымыз жазықсыз атылып кетті. Міне, сол би- болыстарымыздың бірі – Шоған абыз  ұрпағы. Құдиярбек би  Шотаманұлы да ел аузындағы айтулы ел билеушісі екені айдан анық. Оған дәлел, «Құдиярбек құры айтпайды – құры айтады, құры қайтпайды»  деген Жәмеңке сөзі  мұнда ғана үлкендер біліп, кейінгілер бірі білсе, бірі білмеген.  Патша үкіметі отарлау саясатымен қазақтан әскер аламыз деп түрлі құйтырқылық жасап көп қиындыққа душар болады. Оған дәлел, Жәмеңке,  Ұзақ сөзін жалғастырып  сөйлеген Құдиярбек  Шотаманұлының сөйлеген сөзі куә.

Құдиярбек би Қырғыз, Қазақ арасындағы шекара бөлісінде де көзге түскен.  Ер жерін сағынады, жері-елін сағынады. Жал-құйрығына қол тигізбеген асаудай толқып, емін–еркін жүрген халқым не үшін әскер беріп патшаға жаутаңдаймыз. Берсең бала өледі, бермесең шал өледі деген ұғыммен Сырт жайлауында алты жүз мың әскер жабдықтап, Қарқара жәрмеңкесімен бір шеті  Қырғыз елімен шектесіп, көп жерді бүкілдей иемденіп отырған  патша шенеуніктеріне қарсы тұрмақ  болған. Бұған дәлел, патша ағзамына генерал-губернаторына жолдаған хаты дәлел.  Қазақтың әскер жасақтап жатқаны туралы хабар алып тұрған.

Бұларды қалайда амалын тауып қырудың бірден бір жолы, басшысыз халық қайда барады, бұлардың бәрін  сьезге (жиналыс) деп шақырып алып, 16 болысты түрмеге қамаған. Бұл 16 болыс қамалған соң, Жәмеңкеге у беріп, қалғанын атып өлтіреді.

   Жәмеңке мен Құдиярбектің сүйегін бермеген. Қырғыз еліндегі би-болыстар жерленген жерде бұл кісілер бар-жоғы белгісіз.  Отарлау саясатын мейілінше пайдаланған. Орыс басқыншыларының жауыздығына, қулығына құрық бойламаған.  3-5 жасар балаларды қарауылға қойып, атып немесе қылышымен шауып әскерін жаттықтырған. Босанып жатқан ананы, шырылдаған баланы аяусыз қырып, қолдан өлтіріп, көмусіз күйде үйлерін өртеп, қатты шығынға ұшыратқан. Ақтасты жерінде 35 үлкенді-кішілі баскөтерері жоқ, тыныш жатқан бейбіт халықты қырып, көмусіз қалдырса, Ақшоқыда 66 адамды айдап бара жатып, жол үстінде жазықсыз қаншама боздағымызды атып, көмусіз қалдырған.

Қарқара асып, Сырт жайлауындағы жасақталған әскер қалай жиналса, солай жоқ болып  отыр. Мүмкін байқұс халық тарауға мәжбүр болды ма?  Бұл жайында орыс патшалығының жұмған аузын ашпағандығы қалай.  Мүмкін, бұл туралы  зерттелмеген, анықталмаған  архивте материалдар  бар шығар. Қарқара Албан көтерілісі туралы Сейдәлім  Тәнекеевтің  Қарқара Албан көтерілісі кітабында зерттелгенмен Жәмеңке, Ұзақ, Құдиярбек, т.б. би-болыстар толық ашылып жазылмай келеді.

Сырт жайлауының тұздық ауызында Көкжар аталған жерден бұрынғы магазин, кейінгі коттедждер тұрған жерден  батыс жағында Қара Қойлы Албанның бейіті деген қалың қорымды 1975 жылы көкпар тартып жүріп көрген едім.   Көкжардан төмен батысқа 15 шақырым болар шамада.  Кейінгі жылдары 2006 жылғы 90 жылдыққа Талғар қаласында 2 күн айтыс өтіп, 16 болыс туралы  сөздер қозғалды.

Аламанға түскен ақындар тарихты толық білмесе де ұқсатып, сөздеріне қосып жырлады. Астыртын Алтынбек Сәрсенбаевтың кітабын тарқатып айтыс аяқталды. Сол жерде бірлі жарым адамдардан Қара Қойлы Албанның бейіті туралы сөз қозғағанымда, ол тұрмақ Сырттың қайда екенін білмейді. Кейін ауыл қариялары Қайнар ауылындағы Бекберген, Қақпақ ауылындағы Сейітқазы  Мағзумов, Бәшен Ысқақов, т.б. қариялар ол туралы еш нәрсе білмейтін емеурін танытты.

Құдиярбек Шотаманұлы туралы үлкендердің сөзі бойынша бала би атанып, көп сөзі толық шешім тапқан көрінеді.  Ол  кісі туралы  жоғарыда аталған кітаптарда қысқаша болса да айтылған болатын.

Бұл көрініс естен кетпес

Үлкен Қақпақ өзенін жағалап  оңтүстікке қарай  жүргенде көлік жолмен немесе атпен жол жөнекей   әр сайдың түбінен үлкенді-кішілі бұлақ сулары қосылып,  үлкен Қақпақ өзені Текеске  Тегістік жанынан өтіп  құяды.   Міне, басы Жапалы ауылынан алған су солтүстікке қарай ақса, Жапалы асуынан ары батысқа әр сайдан түскен үлкен-кіші  сулар қосылып, Қарқара өзенінен ары қарай  Кегенге барады.  Сол Жапалы асуының оңтүстігінде Мыңтұрық, төменіректе Құзғынұя, Аюлы-Албан сайы, т.б. үлкенді-кішілі сайлар бар.

Қарсысында Тұздың асу аталып, Тұзда отырамыз деген  малшылар бар. Сол Жапалы асуынан шығысқа қарай бері жүргенде 500-700 метр көлемінде Қырғыз шекарасы басталып, Қырғыз малшылары жайлайды.   Біраз жүргенде Қырғыз жерінің  Жасыл көл деп аталатын суы батысқа ағатын   үлкен ойпаң бар.  Ойпаңның Оңтүстігінде үлкен тау жоталары бар, бірақ тегістеу жер   Мыңтұрықтың басы сол үлкен жоталар батыстан Құзғынұяға кетеді.  Ал Жасыл көлден шығысқа қарай 1-2 шақырым жүргенде Қасқа төр асуына барасың. Сол асуға жетпей екі шетінде үлкен  тау жоталары кездесіп, ортасындағы ойпаңмен мал айдар асуы бар. Асудың екі шеті 200-300 метр көлемінде. Сол асуға жетпей ойпаңда сан малдың, адамның сүйегі анда-санда кездеседі.  Мал сүйегі есепсіз көп. Қырылған. Қасқа төрмен оңтүстікке төмен еңіске 300-400 метр Сарыжаз өзені  шығыстан батысқа қарай ағып, үлкенді-кішілі сулар әр сайдан түсіп, үлкен Сарыжаз өзені өткел бермей жосылады.

Басы шығысқа өрлеп, батысқа кеткен өзен айналып, Қытайға өтеді.  Сол, Сарыжаз өзені жазығы тауға тіреліп, біреуі Тұрсынбай қамауы аталса, екіншісі солтүстікке кеткені Байынқол басынан түседі. Қырғыз тауларының биік тұсынан  Хантәңірі шоқысы    өте жақын жерден көрінеді.   Менің бұл туралы білуіме себеп мынау. 1975 жылдан комсомол Жастар бригадасының басшысы болып жұмыс істеп, кейін комсомол жастар бригадасындағы Ұлбосын Дігарбековаға үйленіп, партияға өтіп, кешегі кеңес үкіметі тарағанға дейін мал бақтым. Сол мал баға жүріп, малшылар арасында асабалық  өнерді, әншілікті, сонымен қатар, аңшылықты бір бойыма місе тұтты.  Менің жер жағдайын жақсы білуіме осы аңшылық өнерімнің пайдасы ұлан асыр.  Қырғыз жайлауымен кіші сырт, үлкен Сырт шекаралас жатыр.  «Асың барда ел таны беріп жүріп, атың барда жер таны, желіп жүріп» деген қағида өз басымнан өтті.   Малшылық өмірім де жақсы болды.  Жолдасым Ұлбосын Жылқышы қызы Дігарбекова  9 жыл қатарынан аудандық партия комитетінің пленум мүшесі, 9 жыл қатарынан аудандық советтің депутаты болып, сол Көксай мектебін және су құбырының жүргізілуіне баяндама сайын облысқа айтып жүріп, іске асуына септігі болды.  Сонымен қатар, облыстық 26-шы партия конференциясының депутаты болды.  Көп жұмыстар атқарып, әзір 2 келін алып, немерелі, 3 қыз ұзатып жиенді болып, зейнетке шықты.  Менде денсаулығыма байланысты Алматы  қаласында тұрамын.  Қырғыз елінде көп жолдастарым болды.  1995 жылдарда соңғы барғанымда төмен Күнеенгірге жақын Алмас әкесі жазушы. Өзі қодас бағады.  Зейнеткерлікке шығып алып, келін баласымен қой баққан Барат деген үлкен кісі болды.  Пенсионер Ауыш деген, Рысбек деген, әйелі Шымкенттік Жұлдыз бізді төркінім деп қарсы алатын. Жоғарыда Байынқол асуына жақын Бердібек деген 1955 жылғы жоғарыда Байынқол асуына жақын Бердібек деген 1955 жылғы жігіт болды.  Өзі жайлы, салмақты. Бізді асыға күтіп, жақсы қарсы алатын. Қазір ол адамдардан кім бар, кім жоғын білмедім.  Егер сіздерді осы туралы толғандырып тұрса бару керек пе. Қарақойлы Албан бейітімен Жасыл көлдегі сан мың мал сүйектері мен еш ерінбей көрсетуге бармын. Тек ол жерлерге салт атпен бару керек. Ал машина болса Катехинге дейін барып, сосын атқа қонуға тура келеді.

Мүмкін 6 мың әскермен шайқас сол жерде болды ма? Ол жағы 1980 жылдарда қырғыз еліне аңшылық сапарға барғанда   ол туралы көп ешкім білмейді екен.  Ол кезде 16 болыс Албанның алты мың әскер жасақтап соғыс ашуы туралы  ештеңе білмейміз. Бұл материалды егемендік алып, ізденіс үстінде танысып отырмыз.  Жазушы Сейдәлім Тәнекеевтің  «Қарқара, Албан көтерілісі» кітабында толық көрсетілген. Патша жендеттері қырғынға ұшыратқан сайын мақтанып жоғарыға есеп беріп отырған. Бірақ алты мың әскердің жасақталып, үрей туғызғаны туралы бар да, қалай тарағаны туралы мәлімет жоқ. Мүмкін екі жақ қырғыннан қалған сүйектер ме, ол жағы жұмбақ. Ал, архивте болса келешекте табылар. Құрметті тарихшылар, саясаткерлер!  Албаннан шыққан би-болыстарымыз толығымен зерттелсе, Қазақстан тарихына кинолар түсірілсе, келешек ұрпақ тарихи тұлғалардың кім екенін білсе дегім келеді. Шын жанашыр ретінде түсінсеңіздер жеріміз сатылмасын, жастарымыз шатылмасын. Елім деп, жерім деп шырылдаған әр қазақстандық көп болса деймін.  Дініміз, тіліміз, салт-дәстүріміз жоғалмасын.  Әр азамат, жерін де, елін де қорғай білуі азаматтық парызы деп түсінем.

   Құдиярбек Шотаманұлының  шөбересі Әбілахат Рысмендиев,

Алматы қаласы.

Тарихи тағдыр

Малдан да кетті айырылып,

Жерден де кетті айырылып.

Атысуға дәрмен жоқ,

Қылыш қалды майырылып.

 

Бесіктегі баланы,

Емізіп жатқан ананы.

Жауыздығын көрсетіп,

Бәрін де жау санады.

 

Қарауылға қойып баланы,

Әскерлері жаттықты…

Тартып алып азығын,

Жасады қолдан аштықты.

 

Көріп тұрып жауыздығын,

Балаңды қалай бересің?

Әбілахат Рысмендиев.

 

 

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password