Алматы облысыныңәкімі«Ең белсенді»әкіматанды

 

    Алматы облысының  әкімі «Ең белсенді әкім». Бұл атақ аймақ басшысына   Қазақстандағы рейтингі жоғары ақпараттық  NUR.KZ  сайтының ұйымдастырған сауалнама нәтижесі бойынша беріліп отыр.

Елімізде қоғам өміріне етене жақын араласатын, халықпен тығыз байланыс жасайтын ең белсенді әкімді Nur.kz порталының Мемлекеттік органдармен жұмыс жасау департаментінің директоры Шыңғыс Мәдібек арнайы келіп, марапаттады.

Аймақ басшысы өңірге қатысты әр бастама жобасында көптің пікірімен санасады. Жоба жоспарын бірлесе жүзеге асырып келеді. Жер жанаты Жетісудың бүгінгі келбеті сол бірліктің жемісі.

— Бұл бір адамның ғана еңбегі емес, көпшіліктің, бірге жұмыс істеп келе жатқан командамыздың еңбегінің нәтижесі. Ауыл шаруашылығында, құрылыста, денсаулық сақтау, білім беру – қай салаға болсын баса назар аударып, іргелі істерді атқарып келеміз. Ең бастысы атақ немесе марапат алу емес. Қарапайым тұрғындардың көзінен шынайы қуанышты көргенде іштей еңбектің жемісі деген осы шығар деп ойлаймын. Дегенмен жұмысымызды бағалап жатқандарыңызға ризашылығымды білдіремін, — деді А. Баталов.

2014 жылы облыс әкімі қызметіне тағайындалған Амандық Баталов соңғы 5 жылда облыс тізгінін ұстап келеді. Сол уақыттан бері өңірдің қай саласын болмасын өркендетіп келеді. Атқарылған жұмысқа тұрғындарда оң бағасын беруде.

«Тұңғыш Президентіміз Н.Ә Назарбаев: Әкім бол, халыққа жақын бол деп атағандай, аймақ басшысы осы 5 жыл ішінде сөзге емес, іске бейім, тек оң нәтижені ғана олжа тұтатын, онда да тоқтап қалмайтын, сертке берік, бірегей әкім екенін дәлелдеді. Бүгінде Жетісулықтардың ризашылығын алған әкім. Әлі де облысымыздың көркеюі үшін аянбай тер төгетініне сеніміміз мол»,-деді қала тұрғыны Маржан Бельгибаева.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password