«Даламның иісі бұрқырап,                             қарттарым аман-сау жүрші!»

                        

Халықаралық қарттар күні — бұл аталар мен әжелердің, асқар таудай ата-аналардың мерекесі. Халқымызда «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөз бар. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету көнеден келе жатқан салтымыз. 

 Мерекеге орай,  Б.Мұқай атындағы аудандық  мәдениет үйінде 1 қазан  – Қарттар күніне арналған мерекелік шара өтті. Қазыналы қарттарымызды төл мерекесімен құттықтауға аудан әкімі Нұржан Кеңесұлы  сахнаға көтеріліп, Нарынқолға аудан орталығы мәртебесі қайта оралғанын  ақсақалдардың ақ батасының  арқасында екенін  атап айтты. Аудан әкімі мерекелік шараға келген қарттарға  сый-сыяпаттар табыстап, құрметтеді.

 Өз кезегінде  аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Бекболат Бірбаев, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Дина Молдағожаева, жастар атынан Фариза Серікқызы сөз сөйледі.  Батасы – аңазға айналған, атасы – абызға айналған елдің ұрпаға екендігімізді дәлелдеп, қарттарымызға құрмет көрсетті.

         Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Д. Иембергенқызының бастамасымен  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында  «Ұлттық тәрбие мен бабадан қалған асыл мұра» атты іс-шара ұйымдастырылған болатын. Өткен жылдың қыркүйек айынан бастау алған шаттықты өз мәресіне жетті. Жас ұрпақты ұлттық рухқа тәрбиелеп, ата-бабамыздың салт-дәстүрлерін үйрету, ұлттық қолөнерді дәріптеу  мақсатындағы бастамаға  әр ауылдық округтің ақ сақалды аталары мен ақ жаулықты аналары барын салды.  Мереке қарсаңында  шараның қорытынды сәтінде  Шалкөде (3-орын),  Қарасаз (2-орын), Жамбыл (1-орын) ауылдық окруктері марапатталса,  басжүлде  Қайнар ауылдық округіне бұйырды.

     Әділқазылар алқасының әділ шешіміне риза болған барша мереке иелеріне  кеш соңында  концерт  ұйымдастырылды.

Д.Жанасыл. 

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password