ҚЫЛМЫСҚА  ТОСҚАУЫЛ – ОРТАҚ  МІНДЕТ

                           Ведомствоаралық  комиссияның  кезекті  отырысынан

   Жуырда құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомсвоаралық комиссияның 2019 жылғы 3-тоқсанға арналған кезекті жиыны өткізілді. Жиынға кеңес мүшелері, құқық қорғау органдарының өкілдері, ауылдық округ әкімдері мен мекеме, ұйымдардың басшы қызметкерлері қатысты. Жиынды аудан әкімі Жолан ОМАРОВ ашып, бастан-аяқ жүргізіп отырды.

    Алғаш болып мінбеге көтерілген аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Сағатбекұлы өткен жыл мен биылғы жылда аудан көлемінде орын алған қылмыстарды талдау  тұрғысында баяндама жасады. Баяндамашының сөзінде айтылғандай аудан бойынша былтырғы жылмен салыстырғанда жалпы қылмыс санының өскендігі белгілі болды. Өткен 2018 жылдың 7 айымен салыстырғанда, 2019 жылдың қаңтар-шілде айларында былтыр 68 қылмыс болса, биыл 97 қылмыс тіркелген. Атап айтсақ ауданымызда орын алатын қылмыстардың бір бөлігі- бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстары. Осы аталған қылмыстардың тіркелуі былтыр 28 болса еш төмендемеген биыл да 28 қылмыс тіркелген. Оның ішінде: пәтер ұрлығы 7 ден 4 ке төмендеген, ал мал ұрлығы 7 ден 10 ға өскендігі көрсетілді. Бұл қылмыстар келесі ауылдарда орын алған: Қайнар ауылында 4, Сүмбеде 1, Қызылшекарада 1, Нарынқолда 1 қылмыс тіркелген. Сондай-ақ ұялы телефон ұрлығы 2 ден 6 ға өскен, көлік құралы ұрлығы өзгеріссіз 1 қылмыс. Тіркелген ұрлықтардың жалпы ашылу деңгейіне келсек 69.4 пайыздан 74.3 пайызға жақсарған. Тонау 1 ден 0 ге түскен, қорқытып алушылық 1 ден 2 ге өскен, бұзақылық 0 ден 5 ке өскен, есірткі қылмысы 0 ден 1 ге өскен. Бұдан шығатын қорытынды – ауылдық округ әкімдерінің, учаскелік полиция инспекторларының, басқа да қызметтік жүйелердің қылмыстың алдын алуда жасап жатқан шараларының пәрменсіздігі. Қазақстан Республикасы «Құқық бұзушылық прафилактикасы туралы» Заңының талаптары қағаз жүзінде ғана атқарылып отырғандығын көрсетеді.

    Баяндамашы бұдан басқа да өзекті мәселелерге ерекше тоқталып, жол, көлік қылмыстарында тілге тиек етті. Аудан көлемінде әр түрлі жол жүру ережелерін бұзғандары үшін былтыр 152 жүргізуші, биыл 160 жүргізуші анықталған. Оның ішінде: спирттік ішімдік ішіп автокөлік басқарғандар саны 7 ден 11 ге өсіп, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жол көлік оқиғасын жасағандар  8 ден 10 ға жеткен. Жалпы жол ережесін бұзған жүргізушілерге барлығы 160 жүргізушіге 1010000 теңге айыппұл салынған. Қазіргі кезде айыппұлдың 662812,5 теңгесі өндірілген, өндірілмегені 347,187,5 теңгені құрады. 2019 жылдың 6 айында АПБ қызметкерлерімен барлығы 631 әкімшілік хаттама толтырылған. Соның ішінде 386 хаттмаға айыппұл салынған. Салынған айыппұлдың көлемі 3,633566 теңгені құраса, оның өндірілгені 1,949409 теңге болса, өндірілмегені 1,684157 теңге.

    Тағы бір астын сызып айтатын мәселе,аудан аумағында ауыл жастарының бос уақытын ұйымдастыру жұмыстары да көңіл толарлық емес екендігі белгілі болды. Соның салдарынан ауыл жастары уақыттарын спирттік ішімдік ішуге жұмсайды. Оның арты әр түрлі қылмыстық жағайларға апарып соғады. Қазақстан Республикасы заңнамасының алкаголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын сақтауға және спирттік өнімдерді сату уақыты мен заңсыз айналысуын қатаң бақылауға алу керек. Ішімдік ішкен және жұмыссыз жүрген жастар пайданы жақыннан және тез арада табуды көздеп құйтырқы әрекеттерге барады.  Осыған орай аудандық құзыретті органдардың азаматтардың ішімдікке салынуының алдын алу жұмыстарына күш салғаны жөн.

    Баяндамашы бүгінгі күні аудан жұртшылығын аса алаңдататын қылмыс түрі, бұл – мал ұрлығына қатысты қылмыстар екенін баса айтты. Осы қылмыс бойынша аудан көлемінде ұрлық малдардың өтіп кетпеуін қадағалау үшін «Сарыжаз» бекеті қойылды. Мал ұрлығына қатысы бар адамдарды ұстауға нысанды шаралар ұйымдастырылып, аудандағы мал, ет өнімдерін сататын, тері қабылдайтын орындар үнемі тексеріліп, бақылауда ұсталуда. Басқа аудандарға және Алматы қаласына алып кетіп бара жатқан малдардың құжаттары тексеріледі. Аудан аумағында мал ұрлығымен сотталғандарға қылмыстың алдын алу іс-шараларын жүргізу арқылы толықтай тексерулер жүргізілген. Нәтижесінде бұрын жасалған мал ұрлықтарын ашуға мүмкіндік туған. «Мал ұрлығы» профилактикалық іс-шаралары арқылы барлығы 3 қылмыс тіркеліп, 2 қылмыс ізі суымай, 1 бұрын болған қылмыс ашылған. Қайнар ауылында жасалған мал ұрлықтары бойынша екі азамат ұсталып, кінәларын толық мойындаған. «Пәтер» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде пәтер ұрлығы бойынша 2 қылмыс тіркеліп, соның екеуі де ашылған.

    Кәмелетке толмағандар және олардың ата-аналары арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстық жағдайлар ауданымызда орын алмағаны көңіл қуантты. Оқу орындарының профилактикалық кеңесінде, аудандық кәмілетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында бала тәрбиесімен өз дәрежесінде айналыспаған 3 ата-ананың мәселесі қаралған. Жас өспірімдер арасындағы орын алатын тәртіп бұзушылықтың алдын алу үшін түнгі рейдтер, дөңгелек үстелдер болып тұрады.

    Ауыр және аса ауыр қылмыстар 5 тен 2 ге төмендеген, оның ішінде ауыр қылмыстар 3 тен 1 ге, аса ауыр қылмыстар 2 ден 1 ге төмендеген. Ал онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстар 41 ден 47 ге өскен. Оның ішінде онша ауыр емес санаттағы қылмыстар 2 ден 11 ге өскен. Ал ауырлығы орташа қылмыстар 39 дан 36 ға төмендеген. Кісі өлтіру 2 ден 1 ге төмендеген. Қылмыстардың ашылу деңгейі бойынша: ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылу деңгейі 100 пайыз, аса ауыр қылмыстардың ашылу деңгейі 100 пайыз. Онша ауыр емес және орта дәрежелегі қылмыстардың ашылу деңгейі 76.6 пайыздан 82.7 пайызға жақсарған. Онша ауыр емес қылмыстардың ашылу деңгейі 100 пайыз. Орта дәрежедегі қылмыстардың ашылу деңгейі былтырғы 75.0 пайыздан 79.1 пайызға жақсарған.

    Құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары барысында Райымбек ауданы бойынша барлық мектептер мен балабақшаларға бейнекамералар орнатылған. Сонымен қатар, АПБ-мен ауданның аймағында келесі орындарға бейнекамералар орнату жоспарлануда:

— Сарыжаз ауылының кіре берісіне.

— Нарынқол ауылына кіре беріске (Арка).

— Нарынқол ауылының орталық алаңына.

— Нарынқол ауылының Төле би-Ұзақ көшелерінің қиылысына.

— Нарынқол ауылының Өмірұзақ-Рысқұлов көшелерінің қиылысына.

— Нарынқол ауылының Ұзақ-Абай көшелерінің қиылысына.

— Нарынқол ауылынң Райымбек-Жамбыл көшелерінің қиылысына.

— Нарынқол ауылының Райымбек-Жылқыбеков көшелерінің қиылысына барлығы 8 бейнекамера жоспарлануда.

       Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі бойынша:

— Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстыр 4 тен 12 ге өскен.

— Көшелерде жасалған қылмыстар 2 ден 4 ке өскен.

— Жасөспірімдермен жасалған қылмыстар 2 ден 1 ге төмендеген.

— Бұрын сотталғандармен жасалған қылмыстар 26 дан 21 ге төмендеген.

— Спирттік ішімдік ішіп жасалған қылмыстар 13 тен 17 ге өскен.

— Есірткі шегумен жасалған қылмыстар 0 ден 1 ге өскен.

— Топпен жасалған қылмыстар 13 тен 4 ке төмендеген.

    Аудан бойынша 2019 жылда 40 адам пробация қызметінің есебінде тіркелген.  Оның ішінде 26 азамат жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген. Қалған 14 адамның 3 і тұрғылықты мекен-жайын Алматы қаласына ауыстырған, 2 і зейнеткер, 7 і өзін-өзі жұмыспен қамтығандарі 1 і бала күтімінде, 1і еңбекке жарамсыз. Нақты айтқанда Нарынқол ауылдық округінде 7 адам, Қақпақта 2 адам, Жамбылда 2 адам, Ұзақ батырда 5 адам, Текесте 4 адам, Сүмбеде 4 адам, Қарасазда 6 адам, Сарыжазда 7 адам, Тегістікте 1 адам есепте тұрады. Есепте тұрған азаматтар мен азаматшалардың салауатты өмір салтын ұстануға аудандық және ауылдық спорттық іс-шараларға қатысуға мүмкіндік жасалуда. Ағымдағы жылдың тамыз айының 2-жұлдызында аудандық прокуратура, спорт бөлімі, аудандық пробация қызметінің ұйымдастыруымен пробация есебінде тұратын азаматтардың арасында «Әлеуметтік оңалту» атты спорттық жарыс өткізілді.

    Аудан көлемінде 2019 жылдың 7айының ішінде 6 өрт оқиғасы, 9 пештің ысына улану оқиғасы тіркелген. Аталған уақыт аралығына өрттің салдарынан қаза болған адамдар жоқ. Өрттің алдын алу мақсатында аудан бойынша жоспар бойынша 26 нысанға ерекше тәртіппен тексеру жүргізілді. Білім беру мекемелерінің 25 нысанына ерекше тәртіппен тексеру жүргізіліп,  112 өрт қауіпсіздігі ережесінің кемшілігі анықталып, тексеріс нәтижесі бойынша 24 заңды тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып 606 мың теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ білім беру мекемелеріне бақылаулы тексеру жүргізіліп тексеріс нәтижесінде ұйғарымда көрсетілген кемшіліктер орындалмағаны үшін 6 нысанға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып аудандық сотқа шешім қабылдау үшін жіберілді. Райымбек ауданы бойынша ауылдық округтерде, мектептерде және мекемелерде тұрғындарға өрттің алдын алу үшін өртке қарсы тақырыпта 44 жиын, 33 дәріс өткізіліп 1154 адам қамтылған, т.б. өртке қарсы шаралар ұйымдастырылды. Баяндамашы алдағы уақытта жоғарыда аталынған кемшіліктерді жоюға, баяндамада көрсетілген жетістіктерді одан ары жақсартуға ауданның ведомствааралық комиссия мүшелерімен бірлесіп жұмыс жасалынатынын жеткізді.

    Ведомствоаралық кеңестің  күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Саят Ерсайынұлы, аудандық өртке қарсы қызмет бөлімінің басшысы Аслан Дүйсенғалиұлы тиісті хабарламалар жасап, есеп берді. Ведомстваралық кеңестің жиынының соңында аудан әкімі Жолан Омаров сөз тізгінін қайта өзі алып, қаралған мәселердің барлығы өзекті  екенін айтты. Қылмысқа тосқауыл қою аудандағы әрбір азаматтың  ортақ  міндеті  дей келе, онымен  күресуге  әркім-ақ мүдделі болуы тиістігін тілге тиек етті. Алаңдаушылық тудырып келе жатқан қылмыстарды жоюмен көп болып күресуге шақыра отырып, жиынды қорытындылады.

                                                        Дастан Қасенұлы

                                                                «Хантәңірі».

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password