Ел  экономикасының  қайнары

                       

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылғанына биыл 5 жыл толып отыр. Осыған орай кірістер басқармасының қызметкерлерін төл меркесімен шын жүректен құттықтаймыз. Мемлекеттік  аталатын  іргелі  мекеменің  төл  мерекесі  қарсаңында  басқарма  басшысы  Нұртас  Ноғайбекұлы  ҚАСЕНОВКЕ  жолығып, әңгіме – дүкен  құрған  едік.

– Нұртас Ноғайбекұлы, әңгімені  қайта  шаңырақ  көтерген ауданымыздағыдағы  кірістер  басқармасы  аталатын іргелі мекеменің  бүгінгі  тыныс-тіршілігінен  бастасақ?

         – Иә, Райымбек ауданының Кеген және Райымбек ауданыдары болып бөлінуімен Кірістер басқармасының алдында ең бірінші мақсат екі ауданның салық төлеушілерін анықтап алу болды. Ол әрине, оңай жұмыс емес. Жаңа ауданда кірістер басқармасы жұмысын 2018 жылдың қыркүйек айынан бастады. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 37535 салық төлеушінің тіркелу деректері, әр бір салық бойынша ашылған есеп беттері кеген ауданына Райымбек ауданынан ақпараттық жүйелер арқылы бір-бірден жолдау қажеттілігі туды. Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің білікті мамандарының және Аудандық кірістер басқармасы қызметкерлерінің қалтқысыз атқарған еңбектерінің арқасында 2019 жылдың ақпан-наурыз айларында Кеген ауданының салық төлеушілерін Райымбек ауданынан ауыстырып бітірдік.

         Екінші мәселе ауданымыздың бюджет кірістері болжамдарын салық төлеушілер есебінде қайта есептеу, былтырғы жылғы төлемдерін Кеген ауданының салық төлеушілері төлеген төлемдерден бөліп алып, жоспар құру болды. Бұл жұмыстар осы жылдың мамыр айында аяқталды. Қазіргі кезде өзіміздің ауданымыздың салық төлеушілерінен қанша салық сомасы түсетінін анықтап білдік. Бүгінгі күні жоспарымыз анық, мақсатымыз жоспарды орындау.

         Екі ауданның бөлінуімен 2018 жылға түскен түсімдерді Кеген ауданына қайтару сұрақтары көтеріліп, Аудан әкімі Жолан Ыбырайақынұлының қатысуымен ол қаражаттар Кеген ауданына аударуға жатпайтындығын дәлелдеп шықтық.

         2019 жылдың 6 айының қорытындасы бойынша республикалық бюджеттің  болжамы  47942,0 мың теңге болса, орындалғаны 50986,0 мың теңгені құрады. Жергілікті бюджет 231 844,0 мың теңге деп болжанса, ол 280 467,0 мың теңге  болып, жоспар 116 пайызға орындалды.

         – Қарыз өндіру жұмыстарының  барсы  туралы  біле отырғанымыз артықтығы жоқ  шығар  деген  ойдамын.

         – Сөзіңіз  орынды. Бұл  саладан  алғанда  2019 жылдың басында салықтар бойынша қарыздар сомасы 49803,0 мың теңгені құраған  еді. Еселі  еңбек, жүйелі  жұмыс  нәтижесін берді. Былайша  айтқанда, мемлекет  алдындағы  қарызды  22299,0 мың теңгеге  азайттық.Осы орайда, салықтар мен міндетті төлемдерді өз мерзімінде төлеу әр бір азаматтың  абыройлы міндеті екендігі Қазақстан Республикасының Конституциясының 35-бабында жазылғанын  тағы  да  астын  сызып, айта кеткім келеді.

         Қарзыдарды өндіру бойынша жұмыстарға тоқталсақ, Сүмбе ауылында көлік құралы салығын төлемеген бес азаматты көлік құралдарын қолдануға шектеу қойылды. Олардан  көлік салығы бойынша  өтелмеген  қарыздары өндірілді. Осындай жұмыстар Сарыжаз, Нарынқол, Текес ауылдарында жүргізілді.Бұл  жұмыс  жалғасын  табуда. Бұдан кейін  де  барлық қарызы бар азаматтарға қатысты нақты шаралар қабыладанады.

         – Ауданымыздың бүгінгі күнгі негізгі мәселелерінің бірі — кадр тапшылығы. Осы мәселе аудандық  кірістер  басқармасында  қалай шешімін табуда?

– Мемлекеттік кірістер басқармасы Нарынқол ауылыны келіп, орныққан күннен бастап кадр тапшылығы сезіле бастағаны рас. Жаңа құрылған ауданның кірістер басқармасына бекітілген әкімшілік лауазым саны 8. Оның үшеуі басшылық қызмет болса, 5-і  қатардағы  мамандар. Сонымен қатар, бір-бір  штаттан  іс жүргізуші, мұрағатшы, ғимарат жұмысшысы  құрылымы  бекітілген. Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне ауданның халық саны, кәсіпкерлер саны, ауданның бюджет болжамдары туралы ақпараттар нақтылап бергеннен кейін тағы бір бас маман лауазымын беру күтілуде.

         Жыл  басынанбері  бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға өткізілген конкурс нәтижелерінде 3 жас маман жұмысқа қабылданды. Алдағы уақытта тағы 3 бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға конкурс жариялап, мемлекеттік қызметте істеуге ынтасы бар, еліміздің азаматтарын жұмысқа қабылдасақ  деген  ойдамыз.

         – Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу туралы не айтар едіңіз?

– Әрине, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу, оның ішінде лицензиясыз алкоголь өнімдерін сату, жанар  май  сату, тағы басқа заңсыздықтардың алдын алу бойынша жұмыстар  басты  назарда. Сарыжаз, Нарынқол ауылдарында жүргізілген тексерулер барысында барлығы 6 кәсіпкер лицензиясыз алкоголь өнімдерін сатқаны анықталып, істері  сотқа жолданды.Алдағы уақытта дүкендерде хронометраждық зерттеулер, алкоголь өінімін сату бойынша және бақылау кассалық машиналарын қолдану бойынша тақырыптық тексерулер өз жалғасын таппақ.

– Қазіргі кірістер басқармасының  қызметкерлерінің  сапалық  құрамын да тілге тиек ете кетсеңіз?

– Құрамы басшы яғни мен, Салық төлеушілерді әкімшілендіру бөлімі, бөлім басшысы Аширбаев Ғаби Биұзақұлы. Нарынқол ауылының тумасы. 13 жылдық тәжірибесі бар маман. Есептеу, талдау және ақпараттық технологиялар бөілімі, бөлім басшысы Тыныбаев Самат Өмірсерікұлы. Сарыбастау ауылының тумасы, 3 жылдық тәжірибесімен ауысып келді. Бас маман Қасен Айзада Қайратқызы Текес ауылының тумасы, 5 жылдық тәжірибесі бар. Бас маман Сағымбеков Қайнарбек Сағымбекұлы Қайнар ауылының тумасы, 2 жылдық тәжірибесі бар. Жетекші маман Нурахметова Альбина Дидарқызы Талдықорған қаласынан келіп қызмет етуде, 3 жылдық тәжірибесі бар. Өзіңіз байқап отырғандай, негізгі құрам жас мамандардан тұрады.

         Өзім салық саласында қызмет атқарғаныма 11 жыл болды. Алматы облысының Ұйғыр ауданы бойынша салық басқармасында маман, бөлім басшысы, Талғар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында бөлім басшысы, Панфилов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында басшының орынбасары қызметтерін атқардым.

         – Әңгімеңізге рахмет! Мерекелеріңіз  құтты болсын!

                                                 Сұхбаттасқан Дастан ҚАСЕНҰЛЫ.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password