Аудан активтерімен кездесті 

                                

Ауданымызға қызметтік іс-сапармен жақында тағайындалған Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Сайланбайұлы Манзоров келіп қайтты. Ауданға келудегі басты мақсаты халықтың тұрмыс-тіршілігін, жаңа құрылған ауданның бүгінгі қал-жағадайын өз көзімен көріп, аудан тұрғындарымен кездесу өткізу. Ауданымызға алғаш рет келіп отырған қадірлі қонағымыз Текес ауылына келіп аудандағы шаруашылықтардың тыныс-тіршілігінен хабардар болды. Ауданымыздағы ауылшаруашылығына арнайы алынған техникаларды көріп оң бағасын берді. Картоппен айналысып отырған шаруақожалықтардың басшыларымен әңгімелесіп жұмыстарының жағдайын білісті. Жалпы есеппен алғанда былтыр құрылған сервистік дайындау орталықтарының жетістігі көңіл қуантарлық екенін жасырмады. Сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлікті дамытсақ елдің экономикалық жағдайы көтерілері анық деп өз ойын білдірді. Өз кезегінде картоп өндірумен айналысып отырған шаруақожалықтың жетекшілері картопқа субсидия бөлінсе оның өзі біздерге көп көмек дей келе. Осы мәселені қажетті орындарды көтеруін сұрады. Келесі кезекте аудан орталығы Нарынқол ауылына келіп жүріп жатқан жұмыстармен танысты. Соның ішінде «Спорттық сауықтыру кешені», «Жағатал өзенінің көпірін жаңалау»  құрылысы, «Азаматтарға арналған үкімет үйінің» құрылысы және «Аудандық әкімшілік ғимаратын қайта жаңғырту» сынды т.б. құрылыс нысандарын аралап шықты. Жасалып жатқан жолдарға да жоғары бағасын беріп, жалпы көңілі толғанын қуана жеткізді. Аудандық мәдениет үйінде ауданның активтерімен жиналыс ұйымдастырылды. Жиналысқа аудандық прократура, Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті, полиция бөлімінің бастығы, мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме басшылары ауылдық округ әкімдері, және кәсіпкерлер қатысты. Бағдат Сайланбайұлы «еңбек еткен адам жақсы өмір сүретін заман» деп сөзін бастады. Ауылдардан көшіп кеткен жастарды ауданға жұмысқа тарту керек, сүт, ет өндіріп мал бордақылау орталықтарын ашып, шаруақожалықтарды көбейту керек екендігін айтты. Аудан әкімінің орынбасарларымен, әр бөлім басшыларымен танысып, шешімін таппай тұрған мәселелер болса ортаға салып, ой бөлісулерін сұрады. Соның ішінде аудан прокуроры Шәміл Советұлы аудандағы бейнебақылаудың жоқтығын алға тартты. Бейнебақылау болса ашылмаған қылмыстардың ашылуына да көп көмек болатындығы сөз болды. Сондай-ақ шағын және орта кәсіппен айналысып отырған кәсіпкерлер де көкейде жүрген сұрақтарына жауап іздеп зал ішінен бой көрсетті. Қонағымыз осындай мәселелерді қолдан келгенше шешімін табуға көмегін беруге уәде берді. Кездесудің аяқталар уақытында ауданға сәттілік тілеп, жақсы тілектерін жолдады. Жиынның соңында аудан әкімі Жолан Омаров алғысын білдіріп, жиналысты қортындылады.

                                                                                Дастан Қасенұлы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password