Оқырмандар пікірі

Қымбатты «Хантәңірі»  газетінің қызметкерлері! Сіздерді 28 маусымдағы мерекелеріңіз журналисттер күнімен құттықтаймын!

Газет – халықтың айнасы. Одан елдің, жұрттың  өмірі, тұрмыс –тіршілігі көрінеді. Ынтымақ, бірлігі айтылады. Ақыл-кеңес беріледі. Шешімін тауып жатқан игі істер танылады. Ендеше осынау халықтың мұң-мұқтажын, өсіп-өнуін, ерен еңбектерін таныстыратын сіздер болғандықтан, ойларыңыздың ұшқыр болуына тілектеспін.

Сонымен қатар, айтар пікірім де бар. Газет бетінде ұлттық тәрбие көбірек насихатталса. Аталар сөзі, көне көз қариялардың тәрбие жайлы әңгімелері  қамтылса. Әдебиет беті тұрақты түрде ашылып, сыни әңгімелер, жас өспірімдер шығармашылығы насихатталса нұр үстіне нұр болар еді.

Мен «Хантәңірі» газетінің жанашырымын. Газеттің әр нөмірін асыға күтемін. Әр мақалаға талдау жасаймын. Елдің, ауданымыздың бағыт бағдарымен, тұрмыс-тіршілігімен танысамын.

Ана – өмірдің тірегі. Абзал аналардың үлгі болар еңбек жолдарымен таныстырып отырса артық емес. Жас тілшілердің қатарын көбейту керек. Қиындыққа қарамай қажырлы еңбек етіп жүрсіздер. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Мерекелеріңіз құтты болып, мәртебелеріңіз биіктей берсін!

Дина Молдағожаева,

еңбек ардагері, аудандық аналар

кеңесінің төрайымы.

Өз басым әр жыл сайын «Хантәңірі» газетін жаздырып аламын. Аптысна бір рет шығатын басылымды асыға күтетінімде рас. Маған газет бетіндегі түрлі айдарлар мен алуан тақырыптағы мақалалар ұнайды. Сонымен қатар аудандық «Хантәңірі» газеті ауданда болып жатқан жақсы хабарларды, тың жаңалықтарды  халыққа  жеткізіп, ел үшін ешқашан талмай еңбек етіп келеді. Ауданымыздың айнасы іспетті осы төл газетімізбен қоян қолтық араласып, етене жақын, тығыз байланыс жасап жүргеніме жарты ғасыр уақыт болды. Осы уақыт аралағында газет менің рухани сырласыма, жан досыма айналды. Газет бетіндегі сиясы кеппеген жаңа туындыларды оқып ой елегінен өткізіп, жақсы нәрселерді көкейге түйіп алатын кездер де көп болады. Осындай жақсы жазбаларымен оқырмандырды сусындатып отырған «Хантәңірі» газетінің қаламгер тілшілеріне алғысым шексіз. Өзімде білгенімді оқырмандарға ұсынып газет бетіне жариялауға асығып тұрамын. Оқыған адамның рухани жан дүниесі тазарып, саяси-мәдени, әдеби-діни сауаты кеңінен ашылып, тілдің қадір-қасиетін танып білуге үлкен көмегі тиеді. Әсіресе газет бетіндегі туындылардың жастарға берер үлгі-өнеге, тәлім-тәрбиесі ұшан-теңіз. Қорыта келгенде айтпағым осы салада қызмет істеп жүрген барлық тілщілерді, соның ішінде «Хантәңірі» ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтағым келеді. Шабыттарың шарықтап, қаламдарың мұқалмай, төл туындыларының елдің жүрегіне жете берсін дегім келеді. Мереке құтты болсын!

                                      Алтай Байбосынов, зейнеткер ұстаз, Текес ауылы. 

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password