Ел алдында есеп берді

  Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 28 маусымдағы Білім және ғылым министрі  А. Аймағамбетовтің халық алдындағы есеп беру кездесуі жоспарланғанын хабарлайды. Аталған іс-шараның маңыздылығын ескере отырып кездесу өтетін мерзімге дейін тұрғылықты халықтың, ата-аналар қауымдастығының, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен аудандық, қалалық білім бөлімдері, облыстық білім беру ұйымдарының басшыларының есеп беру кездесулерін өткізуі қажет. Сонымен қатар, аталған іс-шараның өтуі бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде кеңінен таралуы қажет екенін ескертеміз. Осы хабарламаға байланысты аудан орталығындағы Б. Соқпақбаев атындағы орта мектепте аудандық «Білім бөлімі» ММ басшысы Саят Ерсайынұлының ұйымдастыруымен жоғарыдағыдай жиын болып өтті. Бұл отырыстың басты маңызы халық, ата-аналар қауымдастығы мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің алдында есеп беру. Аудандағы білім жөніндегі және жуырда өткен ҰБТ жайында әңгіме өрбіді. Сонымен қатар биылғы жылғы жыл басынан бастап атқарылған жұмыстар еш бүкпесіз баяндалды. Келер уақыттың еншісіндегі алға қойылған жоспарлармен таныстырып, қуанышты хабарлармен де бөлісті. Білімді жастар мемлекеттің жарқын болашағы екенін дәлелдей келе, білімнің сапасын бірінші орынға қойды. Осы жиынның өтуі негізінде көкейде жүрген көп сұрақтар да өз жауаптарын тапты. Жиынға қатысуға арнайы келген әрбір ауылдағы мектеп диреторларына халық алдында ашық түрде есеп беру тапсырылды.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password