23 маусым – Қазақстан полициясы күні


Полиция сөзі көне грек тілінің «полис», «қала» деген сөзінен шыққан. Римдіктерде «полития» сөзі қоғам заты деген мағына береді. Бертін келе «полития» сөзі «полиция» болып өзгерді.

1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдады. Ал 2007 жылдың 5 маусымында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен 23 маусымды «Қазақстан полициясы күні» деп жариялады.

Қазақстан полициясы күні – бұл қазақстандық полицияны құрған ардагерлер мен оның қатарында еңбек ететін қызметкерлерге алғыс білдіріп, қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін бейбіт күнде өз өмірін құрбан еткен полицейлерді еске алатын күн. Н. Ә. Назарбаевтың: «Полиция қызметкерлері азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғап, қылмысқа қарсы күресте алдыңғы қатарда тұрған адамдар» деген пікірі әрбір полиция қызметкеріне үлкен жауапкершілік жүктейтіні рас.

Қоғамның тыныштығы үшін, халықтың қауіпсіздігі үшін ерінбей еңбек етіп жүрген полициялардың кәсіби мерекесінің құрметіне аудан орталығындағы мәдениет үйінде салтанатты шара болды. Орны бөлек мерекенің ашылуында ауданның әкімі Жолан Омаров полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, жақсы тілегін айтты. Мерекемен құттықтау үшін сөз аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Мұрат Нұрғайыпұлы Нұрдәулетовке берілді. Мұрат Нұрдәулетов өз сөзінде «Райымбек аудандық полиция бөлімі ауданымыз бөлінген кезден яғни, 2018 жылы 1 қазаннан бастап өз қызметін бастаған болатын. Осы уақыттан бастап полиция бөлімі жаңа қызметкерлермен толығып, қылмыпен күресте алдыңғы қатардан көрінуде. Аудандық полиция бөліміндегі 41 қызметкер 11 ауылдық округ, 24 елді мекеннің ішінде блолып тұратын әр түрлі құқық бұзушылықтармен және қылмыспен күресте, ел азаматтарының тыныштығын күзетіп, қалтқысыз қызмет атқарып келеді» деді. Сонымен қатар қызметін атқару барасында жетістіктерге жеткен қызметкерлеріміз баршылық екені айтылды. Атап айтар болсақ Ерлан Көксубайұлы Керімбеков Қақпақ ауылында дүниеге келген, Ішкі істер органында 1990 жылдан жұмыс істеген. 2007 жылы Шалкөде ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы лауазымына тағайындалған. 2011 жылы 22 ақпанда өз қызметтік міндеттерін орындау барысында учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Ерлан Көксубайұлы Шалкөде ауылында қоғамдық орында спирттік ішімдік ішкен қылмыскерге ескерту жасайды. Заң талаптарына бағынбаған қылмыскер полицияны пышақпен жарақаттап тастаған, алған ауыр жарақатына қарамастан қылмыкерді ұстап, бұғаттап тиісті орынға хабар беріп, өз қызметін өмірінің соңғы сәтіне дейін қалтқысыз атқарып, алған жарақатының салдарынан қаза болған. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылы 5 мамырдағы жарлығымен Ерлан Көксубайұлы 3 дәрежелі «Айбын» орденімен (қаза болғаннан соң) марапатталды. Міне осындай әділдік пен заңның салтанат құруы үшін жан аямай мамандағы үшін маңдай терін төгіп, ерлік көрсетіп өмірін қиған азаматтардың есімі барлық халықтың есінде мәңгі қалады. Осыған орай өздерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған полицейлерді шараға келген қонақтар бір минуттық үнсіздік жариялап еске алды. Осындай ағаларының жолын жалғап келе жатқан осы саланың қызметкерлері «Құрмет грамоталарымен», «Алғыс хаттармен» марапатталып, халықтың қолдауына йе болды. Бұл марапаттан кейін Мұрат Нұрдәулетов аудандық полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Саян Құрманалиевке және аудандық полиция бөлімі потрольдік полицияның полицейі, полицияның аға сержанты Талғат Асқаровқа қызметтік көліктің кілтін табыс етті. Ендігі құттықтау сөздің кезегін аудан бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы Көлбаев Серік Исаұлы алып, қызметкерлерді кәсіби мерекесімен шын көңілімен құттықтады. Аталған шараның соңын аудан көркемөнерпаздарының осы мерекеге арнайы дайындаған концертімен аяқтады.

Дастан ҚСЕНҰЛЫ «Хантәңірі»

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password