Кәсіпкерлер мен түлектер ескерсе екен

  Ол кезде ауылдың қақ ортасында тоғанмен су ағатын. Ол тоғанды ауыл тұрғындары №2- белтоған деп атайтын. Алғашында тоған қисық-қыңыр ирек-ирек болатын. Оған дауа жоқ, ол табиғаттың жасағаны ғой. Осы тоғанда елдің игілігі үшін қысы-жазы су ағып тұратын. Оның төмен жағында су диірмені жұмыс жасайтын. Біреуі тоғайда болды, орны әлі күнге дейін тұр. Уақыт өте келе алып тоғанды халық бірігіп түзеткен еді. Тоғанның екі жағына үйлер түсіп, түзу көшелер пайда болды. Бұны жасаған РТСтің адамдары еді. Көшенің алғашқы атауы Центральная еді. Кейін С.М. Киров атындағы көше болып өзгертілді. Көше бойына Сергей Мириновичтің ескерткіші қойылды. Ал қазіргі аты Қ. Шорманов. Ауылда ол кезде айлық өтіп тұратын, халық ұйымдасып бір ай бойы тоған қазатын. Айдың соңында көгалдандыру жұмыстары жүргізілетін. Ауыл халқы пайдаланатын бес тоған бар еді. Олардың барлығы да жабылып қалды. Ең ұзын тоғанымыз №1, ол қазіргі Сағатбай көшесімен өтіп Эл.сеть конторымен РТСті айналып Айғыржалдың етегімен өтіп ГЭС көліне құятын. Осы ауылдан шыққан әлді, ауқатты, қолы ұзын адамдар табылса ең болмаса үлкен белтоғанды қалпына келтірсе екен. Осы жұмысты атқару үшін қуатты эксковатор болса тіпті де жақсы болар еді. Туған жерге жақсылығын аямайтын жігіттер жоқ емес. Міне, осындай жомарт жігіттердің назарына айтқым келді. Егер іске асып жатқан жағдайда ауыл тұрғындарының алғыстан басқа айтары жоқ. Қазақта жақсы мақал бар «Алтын жер сыйы, алғыс ел сыйы» деген, көпшіліктің алғысын алған адамның тасы өрге домалары анық. Жұмыла көтерген жүк жеңіл осы шаруа қолға алынса нұр үстіне нұр болары һақ.

Ержан Аманбаев,

 Текес ауылының  тұрғыны.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password