МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН ҚАЛАМДАС ҚАУЫМ!

Ардақты әріптестер! Қадірлі қаламдастар!

Отанымыздың барлық өңіріндегі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері! Баршаңызды 28 маусым, яғни бүгінгі төл мерекелеріңізбен шынжүректен құттықтаймыз! 
Қай дәуір, қай кезеңде болсын,бұқаралық ақпарат құралдарының уақыт үнімен үндесе отырып, қоғамның қозғаушы күші ретінде өзінің мақсат-міндетінен табыла білгендігі ақиқат. Сол арқылы тіршілік тынысына жан бітіріп, заман талабын қанағаттандыра алғанын өткен тарихымызға үңіле, бүгінгі қоғамның саяси өміріне назар аудара отырып аңғарамыз. Мұндай абыройлы биіктен көріну қиын да, жауапкершілігі салмақты міндетті арқалап, мамандығын мақтаныш ете білген журналистер қауымының ізденісті істері мен қарымды қаламының жетістігі екені талас тудырмайды.
Даму сатысына табан тіреп, болашағын айқындап алу жолында жаңаша бастамаларды басты бағдар етіп ұстанған тәуелсіз елімізде бүгінгі күнге дейін бүкіл әлемді мойындатқан жобалар мен іс-шаралар жүзеге асырылып, тиісті жемісін беріп жатса, осынау табысқа журналистердің қосқан үлесі де қомақты екенін жоққа шығара алмаймыз. Қалың елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған, жақсылығына қуанып, қиындығын көтерісе білуді, ақиқаттың ақ жолынан таймай, шындықтың шырайын кіргізіп, әділетті ту ете көк төріне желбірете көтерудегі Сіздердің ұстанымдарыңыз болашақта да тиісті нәтижесін беретініне сенім мол. Арқалағаны алтын, ал, жегені жантақ деген тәмсілдің өздеріңіздің еселі еңбектеріңізге берілген абыройлы баға екенін жақсы білеміз.
Қымбатты әріптестер, Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен тағы да ыстық ықыласпен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға қуаныш-шаттық, шығармашылық еңбектеріңізге шалқар шабыт тілей отырып, өздеріңіз шыққан абыройлы биіктен көріне берулеріңізге тілектеспіз.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password