Волейболдан аудандық турнир өтті        

    

Қазақстан Республикасының Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2019 жылды « Жастар жылы» жарялауына орай және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында Райымбек ауданы Жамбыл ауылдық округінде «Ауылым-Алтын бесігім» қорының демеушілігімен волейболдан аудандық турнир өтті. Жарыста 20 команда бақтарын сынады. Жарысқа қатысушы комадаларға Райымбек ауданының әкімінің орынбасары Н. Сағатбекұлы мен  «Райымбек аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы Т. Жұмақанұлы және Жамбыл ауылдық округ әкімі Р. Қойлыбаев сәттілік тіледі. Жарыс барысында командалар өте тартысты ойын өрнегін көрсетіп, жанкүйерлерге жақсы ойын көрсетті. Жарыс қортындысы бойынша Алматы қаласынан келген «Мөлдір» көмандасы 1-ші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Жамбыл ауылдық округінің спортшылары йемденді. Үшінші орын Алматы қаласынан келген «AL-safa» және Қарасаз ауылдық округінің командасының еншісінде болды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерді аудандық спорт бөлімінің арнайы диплом, медальдарымен, сыйлықтарымен марапаттады. Сондай-ақ жарысымыздың үздік ойыншыларыда құрметтелді! Жарыс жүлдегерлерін құттықтаймыз!

 

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password