Мемлекеттік Рәміздер күні!

Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық белгілері. Мемлекеттік рәміздерге Көк байрақ, Елтаңба және Әнұран жатады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уалиханов. Мемлекеттік Тудың авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков. Мемлекеттік Әнұранның әнін жазған сазгер – Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар – Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов. Авторларға мемлекеттік рәміздерімізге сіңірген еңбектері үшін халықтың алғысы шексіз.  1992 жылы 4 маусым күні Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Сондықтан дәл осы күн ел тарихында жаңа Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталып, биыл жиырма жетінші рет аталып өтуде. Мемлекеттік рәміздеріміз тәуелсіздіктің нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі. Сондықтан мемлекеттің әр тұрғыны оны қастерлеу керек. Ауданымыздың орталығында, мәдениет үйінде 4 маусым күні рәміздер күніне орай аудандық мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен мерекелік шара болды. Аталған шараның ашылуынан кейін сахна төріне Мемлекеттік рәміздеріміз енгізіліп. Аудан әкімі Жолан Омаров, аудандық мәслихаттың хатшысы Ерлан Құдабаевтар аудан тұрғындарын мерекесімен шын жүректен құттықтап, рәміздерімізді қадірлеуге шақырды. Аудан жастарының атынан Б. Соқпақбаев атындағы орта мектептің биылғы түлегі, алтын белгі үміткері Нұрмұрат Аяулым сөз алды. Мерекенің соңында жиналған халық орындарынан тік тұрып рәміздерімізге зор құрмет көрсетіп сахнадан шығарып салды. Аудан көркемөнерпаздарының арнайы дайындаған мерекелік концертін тамашалап жақсы көңіл күймен тарқасты.

                                                                                           ЖАНАСЫЛ Дастан

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password