Біздің міндет өнерге қызмет

                 Текес ауылындағы балалар өнер мектебінде әр мектептен келген, талай жасөспірімдер білім алып жатыр. Өнердің бірнеше толқын өкілдері ұядан қияға самғады. Олар ұлттық өнердің қыры мен сырына баулитын шаңырақ табалдырығынан өз қалаулары бойынша домбыра, қобыз, фортепиано, баян, сияқты аспаптардың сиқырлы сазын меңгеріп, хореография, көркемсурет класы бойынша әсемдікке, эстетикалық талғамға үйренуде. Мектепте 250 оқушы оқиды, оның ішінде 234 оқушы ақылы, 16 оқушы ақысыз үйірмеде оқып жатыр. 3 бөлім бар, 21 мұғалім 9 түрлі мамандық бойынша жұмыс жасайды.

Домбыра – 7, баян- 2,қобыз-2, эстрадамен ән айту-1, дәстүрлі ән- 1, фортепиано- 1, би-2, сурет-4, Биыл бірінші жылсәндік-қолданбалы өнер класы ашылып жұмыс жасауда. Мектеп 6 елді-мекеннің оқушыларын қамтып отыр. Сарыбастау ауылынан 32 оқушы, Қайнар ауылынан 25 оқушы, Қақпақ ауылынан 15 оқушы, Нарынқолдан 50 оқушы, Сүмбе ауылынан 4 оқушы, Жамбыл ауылынан 6 оқушы, Жаңа-Текестен 4 оқушы, Текестен 114 оқушы оқиды.Ұстаздар санаттары бойынша 6 — жоғары, 3- бірінші, 8- екінші, 4-лайық, Білімдері бойынша жоғары – 14 , арнаулы орта – 7 ұстаз.

Мектепте оқу бағдарламасымен сапалы білім беруде  мектеп мұғалімдері мен оқушыларының табысты жетістіктері жетерлік. Атап айтсақ, мектеп шәкірттері 2018-2019 оқу жылындағы тек бір жарым жылда Халықаралық өнер мен білім байқауында бас жүлде – 15, республикалық бірінші , еінші, үшінші орын 115, облыстық – 5 оқушылар лауреаттар атанып, ауыл мақтаныштары болды.

Мектепте ұстаздардан құрылған «Ақтолқын фольклорлық» Халық  ансамбльі жұмыс істейді. Бұл ансамбльдің негізгі репертуары жергілікті күйші Қожеке Назарұлының шығармашылығын қамтиды. 2001 жылы, осы анмамбль орындаған Қожекенің «Ақтолқын» күйі, атақты Құрманғазы, Отырар сазы оркестрлерінің шығармаларымен бірге, шетелдіктерге сыйға ұсынылатын компакт дискіге кірген болатын. Ансамбль Райымбек ауданының айнасы десе болғандай, барлық мерекелік шаралар біздің ансамбльдің қатысуымен өтеді.

Жыл ішінде кезекті 5-педагогикалық кеңес, 12-кезекті директор жанындағы отырыс. Әдістемелік кеңестер тыңдаулар мен емтихандар, көрмелер, әр түрлі мерекелік іс-шаралар өткізіліп, отырды, атап айтсақ, Мектеп әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен аудандық, ауылдық «Ұстаз ұлы есім»  атты ұстаздарға арналған мерекелік кеш өткізілді. «Тәуелсіздікке тартуым  атты» дәстүрлі ән класының оқушысы Амантұр Салтанат, «Өнерлінің өрісі кең» эстрадамен ән айту класының оқушысы Бейсенбинова Мадина , «Ауылым алтын бесігім» эстрада класының оқушысы Кемелжан Елжас пен би класының оқушысы Қасымханн Балаусалар шығармашылық кеш берді.Ұстаздары Клара Әубәкірқызы, Еркін Рақымжан, Нурлин Жанат.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар Рухани жаңғыру» Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларына үн қосып,  жылдан қайта оралған ауданымыздың мәдениетінің дамуына үлес қосып,  2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауда, жастардың тұлғалық рухын, мәдениетін дамытып, ауыл жастарының өз ойларындағы арман тілектерін әзіл арқылы  жеткізіп, ауыл өміріндегі қажеттіліктерді көрсету мақсатында «Қош келдің , Жастар жылы!» атты мекемелер жастардың ұйымдастыруымен «Жайдарман» ойындары өткізіліп, өнер мектебі бас жүлдеге ие болып, ауданнан да бас жүлде алып, облысқа өтті. Қосымша білімнің 100 жылдығына арналған Текес балалар өнер  ектебінде «Ұлттық өнер – ұлттық қазына» атты семинар өтті.Әр ұстаз өз кластарына шебер сабақтар өтіп, мектептің кешегісі мен бүгінгісі туралы толық мағұлматтар берілді. Сурет көрмесі қойылды. Семинарға ауданның білім бөлімі басшысы, аудандағы барлық мектеп директорлары, музыка , сурет пән мұғалімдері қатысты.

Әр өткізілген шаралар аудандық «Хантәңірі» газет беттерінде және әлеуметтік желілерге жарияланып отырды. Облыстық «Ауылым – алтын бесігім» атты мерекелік шараға «Ақтолқын» фольклорлық Халық ансамбльі өз өнерін көрсетіп,сурет класының оқушыларының көрмелерін қойды. Шынында да қосымша білім оқыту ғана емес, тәлім-тәрбие берудің таптырмас құралы. Өйткені, ол баланың мектептегі білімін дамытып  тереңдете түседі. Бос уақытын өнімді әрі тиімді пйдалануға үйретеді, өзінде бар шығармашылық қабілетін жетілдіреді.

Елбасы Н,Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры»атты мақаласында әрбір азамат туған жерінің тарихын білуге, құндылықтарын қастерлеп, дамуына өз үлесін қосу қажет деген мңндетті қойып отыр. Кез келген халық, оның ұрпағы өзінің тарихын, адамзат дамуына қосқан технологиялық, инноватциялық үлесі туралы хабарда болуы тиіс. Біздің мақсатымыз қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы мен дүниетанымы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, өлең жырлыры, ұлттық ойындары музыкалық мұрасы, аспаптары баға жетпес асыл қазына. Сол тарихи рухани байлықты сақтап, әрі қарай дамыту міндеті тұр және ұлы дала кеңістігінен шыққан өркениеттік жетістіктерді ұмытпау әрі ұлықтау, дәріптеу – келер ұрпақтың үлесінде екенін ұғындыру, түсіндіру.

         Білім кеңістігінің кеңейіп, шетелге шығып, әлемдік музыка құндылықтарын танып түсіну бүгінгі өзгермелі өмірде қол жетімді бола түсуде. Бұл дегеніміз бала танымының кеңге құлаш жаюына жол ашады. Қазақ өнерін әлем төріне шығаруға ден қойып осы бағытта әр ұстаз өзіне міндет етіп қоюы уақыт талабы. Алғашқы қадамдар да жасалынып жатыр. Ендеше қадірменді оқырмандар әлемдік музыка додасына көтерілуде дайындықтар мен ізденістер, күш-жігер мен пайым-парасат асқан білім өшпес өнер тілеймін.

  Клара ИМАНҒАЗИЕВА, Текес балалар өнер мектебінің директоры.

 

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password