Бүлдіршіндер  мерекеде  мерейленді

            Адамның да, қоғамның да, мамлекеттің де болашағы балалар. Балалардың денсаулығын сақтау, оларды қорғау мақсатында 1 маусым – Балаларды қорғау күні алғаш рет 1950 жылы өткізілді. Бұл орны бөлек мереке жаздың алғашқы күнімен бірге келіп, жаздай жарқырап, жүректерге қуаныш толтырып, сәбилерімізге шаттық сыйлайды.  Барлық балалар осы мейрамды асыға күтетіні де рас. Атаулы күн аудан орталығы Нарынқол ауылында да аудандық «Білім бөлімі» ММ-нің ұйымдастыруымен  жоғары дәрежеде аталып өтті. Алғаш болып сахна төріне аудан әкімі Жолан Омаров шығып барша балаларды мейрамдарымен құттықтады. Сонымен қатар аудандық мәслихаттың хатшысы Ерлан Құдабаев, ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қанат Ахметов, аудандық ата-аналар атынан Еркін Нұрсейітовтер құттықтау сөз сөйледі. Мерекеге келген бүлдіршіндердің қуанышында шек болмады, барлық балалардың жүздерінен бақыттың шуағы төгіліп тұрды. «Қарлығаш», «Қызғалдақ», «Таугүл» бала-бақшасының балапандыры орталық алаңда әр түрлі көздің жауын алатын кйімдерімен шеру тартып, қойылым көрсетіп жүріп өтті. Мерекені ара қарай Б. Соқпақбаев атындағы орта мектеп директоры Гүлмира Әселбайқызы, О. Жандосов атындағы орта мектеп директоры Нұрбақыт Дәулетбайұлы, Т. Жанұзақов атындағы орта мектеп директоры Мүтәліп Сәбитұлы бастаған оқушылар шеруді жалғастырды. Орталық алаңнан вело шеру көрсетіп өткен балалар мерекенің сәнін кіргізді. Барлығы бүлдіршендердің құрметіне болғандықтан әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі балаларға аудандық білім бөлімінің атынан сыйлықтар табысталды. Одан бөлек осы мекеме атынан орталық алаңға арнайы келген кішкентай бүлдіршіндерге тегін балмұздақтар таратылды. Міне осылай жер бетіндегі періштелер зор қуанышқа бөленіп, бүлдіршіндер мерекеде мерейленді.

Дастан Қасенұлы,

«Хантәңірі»

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password