Жазықсыз жала құбаны

                        Кеңестік билік елін сүйген, халқының болашағына алаңдаған, ұлтжанжы азаматтарға  «тап жаулары», «ұлтшылдар», «жат пікірдегілер», «әлеуметтік қауіпті элемент» деген жала жауып, халықтың да оларға деген теріс көзқарастарын қалыптастыруға жағдай жасады. Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасынан Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Сонымен қатар молдалар мен діндарларды «басқаша, бөтен ойлайтындар» деп айыптады.

Осындай саяси қуғын-сүргінге ұшыраған ауданымыздың  азаматы Тұрлы БІРБАЕВ. Ол 1893 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Шалкөде ауылында дүниеге келген. Ұлты – Қазақ, білімі – бастауыш, атқарған жұмысы – Қырғызсай аймақтық атқару комитетін басқарған. Тұрғылықты ғұмыр кешкен жері – Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылы. 1937 жылы 14- желтоқсан Қазақ ССР Кеген аудандық Халық комиссариаты ішкі істер бөлімі «халық жауы» деген атпен тұтқындаған. РСФСР қылмыстық кодексінің 58-2, 58-10, 58-11 тармақтарымен 1937 жылы желтоқсанның 31- жұлдызында қақаған аязда Алматы облыстық Халық комиссариатының ұйғарымымен 10 жылға сотталып Магаданға еңбекпен түзету лагеріне жіберіліп, сол жақта жазасын өтеп жүріп атылып кеткен. 1958 жылдың 28- наурызында Алматы облыстық соты президиумының шешімімен қылмыстық жазасы жоққа шығарылып ақталып шыққан. Саяси қуғын-сүргін құрбандары Елбасының 1997 жылдың 5- сәуірдегі бұйрығынан соң жыл сайын 31- мамырда еске алу дәстүрге айналып келеді.

 

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password