Ойын алаңын сыйға тартты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жылғы  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында  «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе,  өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады»- деп, айта келіп, барлық өңірлерде  «Туған жер»  бағдарламасын қолға алу қажеттігін ұсынған болатын.  Осыған байланысты,  бүгінде халықтан кең қолдау тауып, аудан орталықтары мен ауылды жерлерде игі шаралардың өтуіне сеп болып отыр. Еліміздің жарқын болашағына мақсатталған жұмыстардың басты бағытына  және  еліміздің әр өңірінде «Туған жерге туыңды тік» атты қозғалысқа айналып, бүкілхалықтық сипатқа ие болуда…

Болашаққа бағдар беретін әрі рухани жаңғыруға үндейтін бағдарламалық мақаланың маңызы күн санап артып келеді. Жалпы ел үшін, жер үшін негізгі темірқазыққа айналған мақаланың аясында жуырда Сүмбе ауылының 1983 жылғы туылған түлектері туған жеріне тарту жасады. Ауыл жастарының демеушілігімен 7- мамырда ауылдың орталық стадионына балалар о йнайтын алаң салып беріп, көптің ықыласына бөленді. Ауыл тұрғындары алаңға жиналып, ашылу салтанатының куәсі болды. Қонақтарға арналып концерттік бағдарламма ұйымдастырылып, жасөспірімдер арасында әртүрлі ойындардан спорттық жарыстар өтті. Айтулы алаңды салуға 1,5 млн қаржы жұмсалған екен. Бұл үлгі боларлық іспен тоқтап қалмаған азаматтар ауыл тұрғындарына ауыз ашар беріп, ақ баталарын алды. Үлкеннен осындай қайырымдылық пен мейіріміді көріп өскен ұрпақтың өресі төмен болуы мүмкін емес. Айтулы акция әрмен қарай жалғасын табатыны сөзсіз.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password