Бөрілердің бәсекексі

Қазақ жігіттері ежелден қайсар мінез, білек күші мығым, өгізді иығына салып көтеріп, қасық қаны қалғанша намысты қолдан бермейтін елдің ұрпағы. Айла-тәсілі артылмаған, күш-қуаты сарқылмаған, әлемді дүр сілкіндірген, жауырыны жерге тимеген, оң-терісін таңдамайтын шын палуандар да осы қазақтан шыққан. Осындай бабалардың жолын жалғап жүрген жүректі жігіттер әр ауылдарда да бар. Соның дәлелі аудан орталығында, Райымбек батыр атындағы спорт кешенінде Қазақ күресінен Райымбек ауданының әкімінің жүлдесі үшін «Райымбек бөрісі» аудандық іріктеу турнирі өтті. Аудандық мәслихат хатшысы Е. Құдабаев, аудан әкімінің орынбасары С. Сатылғанов, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Т. Ақылов жарысқа қатысушылардың намысын шыңдап, сәттілік тіледі. 11 ауылдық округтен келген боз кілем шеберлері күш атасын танымайдыны дәлелдеп бірінен-бірі мықты шығып, тартысқа толы сайыс өткізді.Әділдігі әлемге тараған, қара қылды қақ жарған төрешілер жарыс соңында басқаларынан басым түскен, білекті палуандарды анықтап, жүлдегерлер аудан әкімінің арнайы тағайындаған сый-сияпаттарымен марапатталды. Төрешілердің есебі бойынша осы турнирде 1 орынды Сарыжаз ауылынан келген Рысдәулет Мәулен, 2 орынды Нарынқолдық Әлімжан Ерлан, 3 орынды Қайнардың азаматы Раванов Мағжан мен Сүмбенің палуаны Атамбай Азамат жеңіп алды. Іріктеу турнирінде «Жетісу бөрісіне» облыстық іріктеуге жолдама алған Рысдәулет Мәулен мен Әлімжан Ерланға ауданның намысын қорғау бақыты бұйырып тұр. Спортшыларымызға толағай табыстар мен жүлделі жеңістер нәсіп етсін.

                                                                                       Дастан Қасенұлы

                                                                                             Нарынқол ауылы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password