Жәрмеңке жиі өткізіліп тұрса…

 

Сәуір айының соңғы аптасында  ауыл шаруашылығы мекемесінің ұйымдастыруымен аудан көлеміндегі жәрмеңке болды. Нарынқол ауылындағы мәдениет үйінің алдына жиналған ауылдық округ әкімдері белсенділікпен атсалысып, әкелген  ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынды.

Жексенбінің таңымен таласа басталған жәрмеңкеде аудан тұрғындарының қызу саудасына қой етінен басқа, ірімшік, құрт сияқты  сүт өнімдеріне тұтынушылар тарапынан сұраныс аз  болмады. Әрбір округтің жәрмеңкеге қойған 14 түрлі өнімдерінің ішінде бал мен алма да,  жусай да сөреден табылды.

Аудандық кәсіпкерлік бөлімі ұсыныс бағаларын және сол бағамен сатылуын бекіттіріп бергені бойынша  еттің бір келісі 1350, ірімшік пен құрт 1500-1200 теңгеден саудаланды. Балды базарлағандар литрын 2500 теңгеге сатса, картопты қырық, сәбізді тоқсан теңгеге бағалады.

Қолдың майына, сүтке, алмаға, қаймаққа, қаттыққа, қызылша мен сарымсаққа белгіленген баға да ел көңілінен шықты.

Жәрмеңкеде екі жүз келі жылқы еті, 100 келі сиыр еті, жеті жүз жетпіс келі қой еті саудаланған. Бұдан басқа әкелінген 60 литр сүт, тоннаға жуық картоп, 21,5 келі құрт пен он бес келі маңыз да қалмай сатылып кеткен.

Тұрақты, төмен бағада осындай жәрмеңкелер жиі ұйымдастырылып тұрса деген  келушілер тілегі де толастамады.

С.Нұрбақытұлы,

Суреттерді түсірген Е.Ахметжан.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password