«Бастау бизнес» жобасы басталды

Облыстық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының ұйымдастыруымен  25- сәуірде Райымбек ауданынның  кәсіп бастауға ниетті тұрғындары алғашқы сабақтарын бастады. Сәуір айының 22-23 күндерінде аталмыш бағдарлама бойынша тест тапсыруға 57 адам ниет білдірген болса, тестке 45 адам қатысып, барлығы да бизнес тренингтен өтуге жолдама алды. Алматы облыстық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының Райымбек аудандық филиалының директоры Ретаев Дастан жас кәсіпкерлердің алғашқы сабақтарының шымылдығын ашып, оқу шарттарымен таныстырды. Жиырма жұмыс күніне созылатын сабақ барысында  80 сағат лекция, 120 тәжірибелік сағат оқу жоспары бойынша «Бастау  Бизнестің» бизнес тренері  Кутумов Дамир мен үйлестіруші Әкімжан Ақерке үйрететін болады. Оқу соңында қатысушылардың әрайсысы бизнес жоспарларын қорғап, жеңілдетілген несие мен мемлекеттік грантқа жолдама алады.

«Мақсатымыз – кәсіпкерлік негіздерінде оқыту. Кәсіптерін дамытуға, жаңа кәсіп бастап, аудандағы жұмыссыздықты жоюға, ел экономикасының көтерілуіне үлес қосып, жаппай кәсіпкерлікті дамыту. Тренингке қатысушылардың көздерінде от бар, ниеттері түзу, мақсаттары айқын екені көрініп тұр. Көбісі өз ойларын ортаға салып бөлісіп, ақыл кеңес сұрап жатыр. Ынталары жоғары жандардан мықты кәсіпкерлер шығады деген ойдамыз. Сонымен қатар, осы оқу мерзімінде бізге қолдау көрсетіп, кабинет ұсынып, мүмкіндік жасап отырған Б.Соқпақбаев атындағы орта мектеп әкімшілігіне  зор алғысымызды айтамыз» — деп тренинг жетекшісі Дамир Кутумов өз пікірін білдірді.

Айнаш Әлдибек,

Нарынқол ауылы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password