Мемлекеттік қызметкердің әдебі – қоғам айнасы

            

Мемлекеттік қызметші жан-жақты дамыған тұлға болуы, үнемі салауатты өмір салтын ұстануы және отбасы құндылықтарын насихаттауы қажет. Бұдан басқа, жұмыстан тыс уақытта рухани баю үшін мәдениет және демалыс мекемелеріне бару, қайырымдылық пен қоғамдық шараларға араласуы тиіс.Сонымен қатар, ішкілік ішкен күйде қоғамдық орындарда болу, адамның ар-намысына тіл тигізу, заңнаманы бұзу, қоршаған адамдардың тәртібі мен қауіпсіздігіне қол сұғу сынды адамгершілікке жатпайтын қылықтарға жол бермеген жөн. Жұмыстан тыс уақытта мемлекеттік қызметшіге беделін  түсіретін және қоғам тарапынан сын мен айыптау тудыратын жағдаяттардан қашқақтаған абзал. Жол қозғалысы ережесін бұзу, масаң  күйде автомобиль жүргізу, сондай-ақ, жол полициясы қызметкерлеріне бағынбау өрескел әдеп бұзушылық болып табылады. Мемлекеттік қызметші әлеуметтік желіні қолданған кезде интернет желісінің басқа қолданушыларымен әңгімелесуде сыпайылылық танытып, өз парақшасында құпия немесе жабық ақпаратты жариялап, қазіргі конституциялық құрылымды өзгертуге, сепаратизмге немесе егемендіктен бас тартуға шақыратын ақпараттар таратып, дау туындатпауға қатаң тыйым салынады.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, құқық бұзушылықтарға жол бермеуі тиіс. Елбасының дамыған отыз елдің қатарына ену жолында жариялаған 100 нақты қадамында мемлекеттік қызмет істері саласына үлкен өзгеріс енгізу мақсатында және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу бағытында маңызды міндеттер жүктегені белгілі. Оған қоса Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары ретінде басты назар алдын алу шараларына аударылған болатын.

Қазіргі таңда аталмыш стратегия негізінде ауданымыздағы мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, сый ақы алушы мен берушіге қолданылатын тәртіптік жаза жөнінде кеңінен насихатталуда.

Бүгінде қоғамда кеңінен етек жайған мәселе мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық ұсынып, заңға қарама-қайшы әрекеттерге бару. Егер мемлекеттік қызметшіде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпарат болса, ол мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөніндегі қажетті шараларды қабылдауға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшіге немесе туыстарына көрсеткен қызметі үшін сыйлық келіп түскен болса, ол 7 күн ішінде ерікті түрде арнайы қорға тапсырып, ал алынған қаражат екi аптадан аспайтын мерзiмде республикалық бюджетке аударылуын қадағалауы тиіс.

Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш- жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отанына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді.

 

Нұрдавлетов Мәдени Нұрәділұлы,

Райымбек ауданы бойынша әдеп жөніндегі уәкіл.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password