Шекара қадасы қағылды

                                 

Еншілерін алып екіге бөлінген қос ауданның жағымды жаңалықтары аудан халқының  мерейін өсіріп, мәртебесін көтеруде.  Аз уақыттың ішінде көптеген игі істердің шешімін тауып, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуда қауқарлы қызмет етіп  жатқан ел азаматтарының еңбектері елеусіз қалмақ емес. Бүгінгі тарихи сәт сол жемісті күндердің жетістігі десек артық айтпаған болар едік. Осы аптаның сейсенбісінде тарихы терең қос ауданның шекаралары айқындалып,  шекара сызығына қада қағылды. Кеген ауданына қарасты Тасашы ауылдық округі мен Райымбек ауданы Сарыжаз ауылдық округтерінің ортасы шекараның шебі  деп  белгіленіп, қос ауданның басшылары  Жолан Омаров пен Талғат Байеділов шекара белгілерін қойды. Жер бөлінгенмен ел бөлінбейді, аудан  бөлінсе де адам бөлінбек емес. Аудан басшылары  «шекарамызды  шегендесек те, сыйластықта шек болмайды» деп бейбіт келісіммен тарқасты.

Айнаш Әлдибек,

Нарынқол ауылы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password