Сырдың сыршыл ақыны

Осы заманғы қазақ поэзиясының  көрнекті шебері, ірі драматург және белгілі әдебиет зерттеушісі, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының халық жазушышысы  Әбділда Тәжібаевтың туғанына 110 жыл толуына орай,  және де үстіміздегі жылы «Бір ел – бір кітап — 2019» акциясы аясында таңдалып, Әбділда Тәжібаев шығармалары насихатталуда.  Осы орайда «Райымбек аудандық кітапханасы» ұйымдастырған  «Тәжібаев – қазақ поэзиясының көрнекті ақыны» атты жастар арасында байқау ұйымдастырылды. Байқауды ұйымдастырудағы басты мақсат, Ә.Тәжібаев өміріне қатысты тың деректермен таныстыру, кең байтақ  Отанымыз туралы жазылған шығармалары арқылы  өскелең ұрпақты отанды сүюге, патриоттық рухты көтеруге, эстетикалық тәрбие беруге дағдыландыру.  

Байқау барысында аудандық кітапхана  бағдарламашысы Ерлан Серғазиев сыршыл ақынның өмірбаяны мен еңбектері жайлы баяндама жасаса, аудандық кітапханасының кітапханашысы Гаалу Биахмет «Сырдың сыршыл перзенті» атты кітап көрмесімен таныстырды.

ХХ ғасырдағы қазақ көркем сөз өнерінің өсіп толысуына, қарыштап дамып, әлемдік өркениетті әдебиеттердің қатарынан орын тебуіне ірі үлес қосқандардың бірі, сыр елінің саңылақ ұлы – Әбділда Тәжібаев. Бұл есім бүгінгі Тәуелсіз Елдердің Достығы қауымына, шет жұрт оқырмандарына да кеңінен таныс. Талантқа бай Сыр елінің саңылақ ұлы – Әбділда Тәжібаевтің қазақ әдебиетінің ғана емес мәдениетінің, жалпы ой санасының тарихынан орнықты орын алатыны баршамызға белгілі. Ақынның 30-дан астам поэмасы, өлеңдері мен пьесасы әр түрлі жанрларға арналған. Олардың ішінде балалар әдебиетінен шоқтығы биік «Толағай» жыр-дастаны көпке таныс. Сыр бойында туған сұңқар ақын Әбділда Тәжібаев -сан қырлы талант, дарабоз тұлға. Сұңғыла суреткер, қарымды қоғам қайраткері, зерделі ғалым драматургия саласында да қалам тербеген драматург.

Байқауға ауданымыздан бірнеше үміткерлер қатысып, бақ сынады. Байқау барысында ақынның өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқып, драматургиялық шығармашылығынан көркем сөздер оқылып, актерлік шеберліктері мен сахна мәдениетін ұстануларына, оқу мәнерлеріне ерекше назар аударылды.

Байқау нәтиежесінде, бірінші орын Шалкөде ауылының 11-сынып оқушысы Ботай Назеркеге бұйырып, ақынның шығармашылығынан 23 қаңтарда өтетін облыстық байқауға жолдама алды.

Екінші орын, аудандық кітапхананың кітапхашысы Айтолқын Еркінқызына бұйырса, үшінші орынды Текес өнер мектебінен Нұрдос Нұрдәулет иеленді. Жеңімпаздар аудандық кітапхананың дайындаған алғыс хаттарымен, ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Аудандық кітапхана меңгерушісі Назым Керімбай осындай байқаулар алдағы уақытта да жалғасын тауып, ауданымыздың әр ауылдық округтерінде эстафета ретінде жалғасын табатынын жеткізді. Жеңімпаздарды құттықтап, қатысушыларға алғыс білдірді.

Айнаш Әлдибек,

Нарынқол ауылы.

 

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password