Қоғамдық кеңестің отырысында

Аптаның беташар күнінде, яғни дүйсенбі күні аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Қоғамдық кеңестің төрағасы  Ж.Үйсінбаевтың төрағалығымен өткен отырыста аудан әкімі Ж. Омаров 2018 жылда атқарған және алдағы атқарылатын жұмыс жоспары бойынша есеп берді. Күн тәртібінде көтерілген  мәселе бойынша маслиxат xатш  ысы Е. Құдабаев аудандық маслиxаттың өткен  жылда атқарған жұмыстарымен таныстырды. Сонымен қатар, аудандық «Хантәңірі редакциясы» ЖШС директор-бас редакторы  Ғ.Бейқұтбай жылдық бюджетін қорғап, ел алдында есеп берсе, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Д. Иембергенқызы елді мекендерде өткізілген іс-шаралар, кездесулер жайлы баяндады. Төрайымның айтуы бойынша, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру» бағдарламалықтмақаласынан туындайтын міндеттерді іске асыру мақсатында «Ұлттық тәрбие мен бабадан қалған асыл мұра» атты іс -шаралар өткізілген, сондай-ақ, мекеп оқушыларымен «Қыз қылығымен», «Қыз — ұлттың ар ұяты» деген тақырыптарда жасөспірімдерді тәрбиеге шақыру мақсатында  дөңгелек үстелдер ұйымдастырылған. Қорыта келгенде, аудан бойынша аналар кеңесі алты ай ішінде 20 жиын, 4 кездесу, 4 үлкен ауқымды шара өткізген.

Қоғамдық кеңестің төрағасы  Ж.Үйсінбаевтың төрағалығымен «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес аудан әкімі Ж.Омаровтың есебіне «қанағаттанарлық» деген баға берілді. Аудандық маслихаттың хатшысы Е.Құдабаевтың атқарған жұмысы бойынша жасалған баяндамасы, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Д.Молдағожаеваның есепті баяндамасы назарға алынып, аудандық «Хантәңірі редакциясы» ЖШС бас редакторы Ғ.Бейқұтбайдың баяндамасы бойынша айтылған ұсыныс пікірлерді негізге ала отырып, газеттің тартымдылығын жақсарту жөнінде жұмыс жоспары бекітілсін деген шешім шығарып, алдағы жұмыстарына сәтілік тіледі.

Айнаш Әлдибекова,

Нарынқол ауылы.

 

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password