Құрылыс нысандарының жұмысы пысықталды

Қараша айының екінші аптасында  облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов, облыстық құрылыс басқармасының басшысы Болат Такенов  аудан орталығына арнайы іс сапармен келді. Аудан әкімі Жолан Омаров бастаған мекеме басшылары келген қонақтармен құрылысы салынып біткен 20 үйді аралап көрді. Жұмысты маусым айының 5-нен бастаған  «Байқоңыр» ЖШС құрылыстың 98% бітіріп, ішкі жұмыстарын (линолеум төсеу, сан фаянс орнату) атқаруда. Облыс басшысы қараша айының 30-да пайдалануға берілуі тиіс үйлердің қалған жұмыстарын күн суытпай бітіру керектігін тапсырды. Бұдан кейін  Нарынқол ауылындағы аудандық әкімшілік ғимаратының қайта жаңғырту жұмыстарын аралап көрді. Жалпы көлемі 1663,7 шаршы метрді құрайтын құрылыс орнында бүгінде жұмыс қызу жүруде. Атап айтқанда есік терезелерін, ескі еден мен шатырларын бұзып, жаңа құрылыс жұмыстарына әзірлік жасауда.

Сондай-ақ  облыс басшысы аудандық мәдениет үйіндегі жүріп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысып көрді. ЖШС «ALLTEAM» мердігер компаниясы  қолға алып бастаған құрылыс орнында сахна мен көрермендерге арналған алаңның жөндеу жұмыстарын көріп шықты.

Бұдан кейін құрылысы ерте басталған   аудандық полиция бөлімінің ғимаратына бас сұғып, полиция қызметкерлерінің жұмыстарымен танысты. АПБ ғимаратының жанындағы оқу-жаттығу өтетін алаңды аралап көріп, ондағы атқарылатын жұмыстарға байланысты жоспарларымен бөлісті. Сонымен бірге  жап-жаңа салынған ауылдық тұрғын үйімен біріктірілген полиция пунктіне де кіріп көрді.

 

Құрылыс нысандарымен танысып шыққан облыс басшысы Лаззат Тұрлашов аудан әкімі, мекеме қызметкерлерімен  жиын өткізді. Аралап көрген нысандардың құрылысы туралы жұмыстар пысықталды. Атап айтқанда Алакөл, Балқаш аудандарының істелінген еңбектері бағаланды. Аталған қос аудан өздеріне берілген міндетті мерзімінен бұрын бітіріп, ел игілігіне берген болатын. Спорт алаңы мен балалар ойнайтын орынды жасап берген алакөлдіктер мен 1,8 км көше жарығын орнатып пайдалануға берген балқаштықтардың, Панфилов, Қапшағай аудандарының  тынымды тірлігі кейбір аудандар үшін үлгі боларлықтай. 93 қоқыс төгетін контейнер әкеп берген Еңбекшіқазақ, көп пәтерлі тұрғын үйдің шатырын жауып, сыртын сылап берген Ескелді, Іле, 1,5 шақырым көше жарық бағандарын орнатып пайдалануға берген Жамбыл, 16 пәтерлі үйдің  шатырын ауыстырып, сыртқы керегесін сылап, терезелерін жаңалаған Қарасай, 500 кв метр жаяу жол (тратуар из брусчатки) жеткізген Сарқан, шағын футбол мен кроссфит алаңдарын жасап берген Талдықорған, 1,5 км көше жарығын түсірген Талғар  қала, аудандардың еңбектерін ел-жұрт игіліктеріне пайдалануда. Алайда, облыс басшысы  берген уәделерінен нәтиже көрмей отырған Ақсу, Ескелді, Кербұлақ, Көксу, Ұйғыр, Текелі сияқты бірқатар аудандарға сын-ескертпелер беріп, алдағы жұмыстары назарда болатынын айтты.

С.Нұрбақытұлы, «Хантәңірі».

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password