Қазынам бар қисапсыз шектеледі

  • Қазынам бар қисапсыз шектеледі

Қарасаз қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам елім-жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім, — деп жырлаған аяулы ақынымыздың екінші мәңгілік ғұмыры жалғасып келеді.

Мұқағали мұрасы- таусылмас бір ғұмыр.  Жақында ақынның 87 жылдығы қарсаңында Жалаңаш орта мектебінде  «Қазынам бар қисапсыз шектеледі»  тақырыбымен Мұқағалитану айлығы болып өтті. Айлық барысында  әр сыныпта сынып сағаттары өткізіліп, қабырға газеттері шығарылды.

Мектеп кітапханашысы С.Оспанбаева «Жыр арқауы- Мұқағали»  атты  ақынның өмірі мен  шығармашылығына бұрыш арнады. «Зерде» пән бірлестігі мүшелері «Мен поэзияға ғашықпын»  тақырыбымен стенд жасап, онда жас тілшілердің өлеңдері көрініс тапты.

Үш тілді білу- өмірдің алға қойған міндеті мен заман талабы. Осы орайда «Зерде»  пән бірлестігінің жетекшісі  Б.Нусипованың  ұйымдастыруымен  « Мұқағали Мақатаев- үш тұғырлы тілде» атты 1-10 сынып оқушылары  арасында үш тілде поэзия кеші болып өтті. Өздерінің үш тілде өлеңдерін оқып, білімдерін көрсетіп жүрген оқушыларды атап өтер болсам, 1-сынып оқушысы  Мұқажанова Балжан, 2-сынып оқушысы Қайранбай Аяла, 3-сынып оқушылары Төкен Жаңыл мен Дәутәлі Диана, 4-сынып оқушысы Қауранбек Аяна, 5-сынып оқушысы Қырықбай Айым, 6-сынып оқушылары  Балтабай Маржан және Тілеміс Аида, 7-сынып оқушылары  Қойшыбай Ділнұр мен Сәкен Еркін т.б.

Мектепшілік «Мұқағали стипендиаты»  байқауында  1-орын алған  6-сынып оқушысы  Қасымхан Ақниет аймақтық байқаудың жеңімпазы атанды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Сапақова ақын шығармаларының желісімен эсселер байқауын өткізді. Эссе байқауының нәтижесінде  8-сынып оқушысы  Жармұхамедова Дарина мен 11-сынып оқушысы  Керімбек Айнұр 1-орынды жеңіп алды. Осындай жұмыстардың қорытындысында  Сапақова Нұрғанымның  құрастыруымен  «Өрелі айдың өрнегі»  атты жинақ жарық көрді.  Жинақта жақсы ойды білдірген   оқушылардың эсселері жарияланды. Музыка пәнінің мұғалімі А.Маматаева  «Мұқағали мұрасы – қазақтың қазынасы»  ән байқауын өткізді. Айлық соңында мектебіміздің директоры А.Нусипов сөз сөйлеп, жақсы жетістіктермен көзге түскен  оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттады.  Оқушылардың бойына рухани байлықты дарыту- біздің басты міндетіміз болса, қазақтың сүйікті ақыны Мұқағалиды таныту, жас ұрпақтың ақын жырларымен  сусындап өсуіне ықпал еті-парызымыз.  Иә, осындай ұрпағы бар ақын да, оның жырлары да мәңгілік жасай берер демекпін.

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Б.Нусипова

Жалаулы орта мектебі

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password